ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарламасы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қазіргі уақытта мәдениет, архив, спорт, туризм нысандары бойынша келтірілген залалға талдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

Елдің тарихи-мәдени мұрасының тізіміне енгізілген объектілердің жағдайы, келтірілген залал туралы ақпарат-нақтыланып жатыр. Бүкіл ел бойынша тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің жай-күйіне талдау жүргізілуде.

Алматыда Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік мұражайы мен ҚР Ұлттық кітапханасына лаңкестер шабуыл жасаған. Ғимараттардың терезелері мен кіреберісі зақымданған, есіктер сынған, бірақ қорлар мен мұрағаттар сақталған. Қызметкерлердің батылдығының арқасында бұл нысандардың басты мүлкін тонауға жол берілмеді.

Сонымен қатар, ҚР МСМ тарихи-мәдени мұра тізіміне енгізілген нысандарға келтірілген залалға мұқият талдау жүргізіліп жатқанын хабарлайды.