10 қаңтар –Жалпыұлттық аза тұту күні

10 қаңтар –Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының мәдениет, спорт, туризм қайраткерлерінің атынан еліміздегі күрделі ахуал салдарынан ел мүддесі жолында қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскери қызметкерлердің туған – туысқандары мен ет - жақындарына қайғырып көңіл айтамыз, ал зардап шеккендердің барлығының тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бауырымыз бүтін болсын. Әркез елімізде тұрақтылық сақталып, бірлік пен ынтымақ арта берсін!