Мәдениет, спорт және туризм саласындағы қазіргі жағдай

Мәдениет, спорт және туризм саласындағы қазіргі жағдай

Мәдениет және спорт министрлігі хабарлайды:

Төтенше жағдай кезінде спорттық-бұқаралық, оқу-жаттығу жиындары, жаттығулар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар және шығармашылық ұйымдардың жұмысы тоқтатылады.

Билеттерді қайтару және ауыстыру рәсімдері олардың өткізілген орны бойынша елдегі төтенше жағдай аяқталған соң жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, қазіргі уақытта туризм салаларындағы және қызмет көрсету объектілерінде, оның ішінде жекелеген аймақтардағы белсенді демалыс объектілерін қоспағанда, орналастыру орындары, туристік базалар, санаторлы-курорттық объектілер, демалыс аймақтары өз жұмыстарын штаттық режимде жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар ақысы төленіп қойған демалыстар (жолдамалар, турлар) құнын қайтару немесе қолайлы мерзімге ауыстыру мүмкіндігі елдегі төтенше жағдай аяқталған соң қолданыстаға заңнама аясында жүргізіледі.

Бүгінгі күні шет ел курорттарында 7636 қазақстандық турист демалып жатыр. Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, шет елдерден туристтерді қайтару алгоритмі қарастырылуда.

Туристерді Қазақстанға қайтару мәселесіне қатысты барлық сұрақ бойынша келесі нөмірге хабарласуға болады +7 701 534 05 80 (ҚР азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі – «Туристік Қамқор» КҚ).