
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады.
"Құрметті достар! Ардақты ағайын!
Сіздерді Жаңа 2022 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл – баршамызды жайдары көңіл-күйге бөлейтін айрықша сәт.
Биыл еңселі еліміз үшін ерекше жыл болды. Тарихқа толы Тəуелсіздігімізге 30 жыл толып, егемендіктің төртінші онжылдығына қадам бастық.
2022 жыл рухы биік Ұлы Дала елінің әлемдік қауымдастық алдындағы даңқын арттырып, мәртебесін биіктетіп, айбынын асқақтатар жыл болсын. Лайым қуатты мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани тұрғыда әрқашан да мерейі үстем бола берсін!
Жаңа Жыл сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер мен береке-бірлік, татулық әкелсін! Әулеттеріңіз өсіп-өніп, әрдайым қуанышқа бөлене берсін!
2022 жыл елімізді әлемнің төріне шығаратын құтты жыл болсын!",- деп жазылған министрдің құттықтау хатында.