Мәдениет және спорт саласының майталмандары мемлекеттік наградаларға ие болды

Мәдениет және спорт саласының майталмандары мемлекеттік наградаларға ие болды

Бүгін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 жылдың 2 желтоқсанындағы № 700 Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматтарға мемлекеттік наградаларды табыстады.

Іс-шара барысында сөз алған Ақтоты Райымқұлова мемлекеттік наградамен марапатталған қайраткерлерді құттықтап, шығармашылық табыстар мен алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Олардың қатарында мәдениет қайраткерлері, еңбек ардагерлері, спортшылар бар.

І дәрежелі «Барыс» ордені
Обаев Есмұхан Несіпбайұлы - Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының кеңесшісі, Алматы қаласы.
Қоразбайұлы Алтынбек - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалының директоры.

ІІ дәрежелі «Барыс» ордені
Тұяқов Амин - сала ардагері, Алматы қаласы.

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені
Нүсіпжанов Нұрғали - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының артисі, Алматы қаласы.
Сергебаев Ескен Аманжолұлы - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының көркемсурет кафедрасының профессоры, Алматы қаласы.

«Парасат» ордені
Әбділманов Болат Мәзімбайұлы - «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі, Алматы қаласы.
Әшірбаев Байкен Әшірбайұлы - «SANALI Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары, Шымкент қаласы.
Колчин Юрий Викторович - Ақан Сері атындағы облыстық филармониясының камералық хорының хормейстері, Солтүстік Қазақстан облысы.
Қосай Қадыр Нұрахметұлы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының дыбыс режиссері, Алматы қаласы.
Тажбаев Амангелді Ыбрайұлы - режиссер, Алматы қаласы.
Тыныбеков Абай Қариұлы - мәдениеттанушы, Алматы қаласы.

І дәрежелі «Достық» ордені
Қасейінов Дүйсен Құрабайұлы - ТЮРКСОЙ Бас хатшысы.

ІІ дәрежелі «Достық» ордені
Максим Екатерина Викторовна - Максим Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Фридрих Павел - әнші, Германия

«Құрмет» ордені
Ахметов Қанат Мұғынұлы - Мемлекеттік үрмелі оркестрінің жетекшісі, Алматы қаласы.
Әбікеева Гүлнара Ойратқызы - киносыншы, Алматы қаласы.
Әбдіқадыров Жұмахан - еңбек ардагері, Жамбыл облысы.
Әбдереев Марат Қадырұлы - суретші, Алматы қаласы.
Баймұрзин Руслан Талғатұлы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Батурина Ольга Владимировна - жетекші ғылыми қызметкер.
Байбосынова Ұлжан Мәлікайдарқызы - жыршы, Алматы қаласы.
Баяндин Әділғали Сәрсенұлы - суретші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Бекбосын Қажыбек Құдайбергенұлы - Қ. А. Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік унирвеситетінің профессоры, Түркістан қаласы.
Бойченко Любовь Ивановна - Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы.
Бөрібаева Сәуле Бөкейханқызы - «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы.
Жақсылықов Тимур Қазбекұлы - кинодраматург, Алматы қаласы.
Жақыпов Біржан Елубайұлы - «Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры» РМҚК оркестр артисі, Алматы қаласы.
Жылгелдиев Сағат - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы.
Жұмашев Амантай Жұмашұлы - «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының бас хормейстері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Жұманиязов Нұрлан Ғылманұлы - «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының режиссері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Ешкенов Ғазиз Ақзамұлы - «Күмбез компаниясы» ЖШС бас суретшісі, Алматы қаласы.
Қарамолдаева Галина Жұмабекқызы - «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Алматы қаласы.
Киянов Жандос Каракожаевич - Мүгедектердің спорттық клубының жаттықтырушысы.
Колесников Юрий Николаевич - «Мерген» дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорт клубының жаттықтырушысы, Көкшетау қаласы.
Ким Виктор Георгиевич - Қазақстан Республикасының Керлинг және петанка бойынша аға жаттықтырушысы, Алматы қаласы.
Қадырова Майра Шафкатқызы - «Астана Балет» театрының педагог-репетиторы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қанаев Пазылбек Қонысбекұлы - Шымкент қалалық Таеквондо (WT) федерациясының құрметті президенті, Шымкент қаласы.
Махат Лейла Болатқызы Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Нұрмағанбетова Айтжан Қабдуәліқызы - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Алматы қаласындағы филиалының артисі, Алматы қаласы.
Нұрмаханов Бауыржан Нұрсұлтанұлы - Олимпиада резервін даярлау орталығының күрес бөлімшесінің жаттықтырушысы, Ақтөбе қаласы.
Нұрымбет Ержан Амангелдіұлы - «Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының актері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Олзоева Ишпуля Кавкуловна - сала ардагері, Алматы қаласы.
Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы - Қазақстан Республикасының ұлттық кітапханасының директоры, Алматы қаласы.
Оспанов Әбсаттар Сәдуақасұлы - әдебиеттанушы, Алматы қаласы.
Покровская Марианна Владимировна - Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының артисі, Алматы қаласы.
Рамазанов Еділ Есенұлы - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы.
Рахметов Алтынбек – продюсер.
Репин Николай Владимирович - Шымкент қаласының Жоғары спорт шеберлігі мектебінің каратэ бөлімшесінің жаттықтырушысы, Шымкент қаласы.
Сапарбаев Еркебұлан Ысраилұлы - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жеке орындаушысы, Алматы қаласы.
Сәбитов Ерлан Фатхұллаұлы - «Qazaq Composers league» қоғамдық қорының музыка орындаушысы, Алматы қаласы.
Тәти Айгүл Әбікенқызы - «Астана Балет» театрының қоюшы-балетмейстері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Токенов Сейтжан Мейрамбекұлы - Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокс бөлімінің жаттықтырушысы, Қызылорда қаласы.
Темкина Анастасия Львовна - Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының артисі, Алматы қаласы.
Турчина Галина Александровна - Константин Станиславский атындағы Қарағанды облыстық драма театрының актрисасы, Қарағанды облысы,
Тен Радион Эдуардович - композитор, Алматы қаласы.
Тоқсанбаев Артық Жарылқасынұлы - композитор, Алматы қаласы.
Төлеутаев Ерлан Мұқатайұлы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының сектор меңгерушісі, Алматы қаласы.
Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызы - «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының артисі, Алматы қаласы.
Усина Гаухар Елдосқызы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Умаров Қалила Нематұлы - режиссер.
Үлкенбаева Айгүл Нариманқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Алматы қаласы.
Хисымов Жүсіп - жазушы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Цырульников Сергей Валерьевич - Спортты дамыту дирекциясының пауэрлифтингтен команда басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Шарипова Фируза Шахритдиновна - кәсіпқой боксшы, Тараз қаласы.
Шәкерхан Ана - «Ел дарын» қоғамдық қорының директоры, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі
Абакаева Әсел Болатбекқызы «Астана Балет» театрының педагог-репетиторы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Алтайбаева Шолпан Юсипбайқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының доценті, Алматы қаласы.
Ақшалов Ерлан Еділұлы - Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті, Алматы қаласы.
Әуезов Мұхтар Маратұлы - «Мегаполис-Астана» баспаханасының қызметкері, Нұр-Сұлтан қаласы.
Байғазин Эмир Кенжеғазыұлы - сценарист, Алматы қаласы.
Бейсенова Ғайниқамал Нығметжанқызы - Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің оқытушысы, Алматы қаласы.
Дубс Наталья Васильевна - Республикалық неміс драма театрының бас режиссері, Алматы қаласы.
Дубовик Евгений Владимирович - Наталья Сац атындағы мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы.
Ержанов Әділхан Ақылбекұлы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік кинорежиссері, Алматы қаласы.
Жұбанышев Төлеуғазы Рахымұлы -суретші, Семей қаласы.
Жөнелбаев Қуаныш Максимұлы - еңбек ардагері, Ақтөбе облысы.
Злобин Алексей Валерьевич - Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс драма театрының көркемдік-қойылым бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы.
Иманбеков Қайрат Ибрашұлы - «Шымкент қалалық Таеквондо (WT) федерациясының вице президенті, Шымкент қаласы.
Ким Геннадий Сергеевич - Петр Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің оқытушысы, Алматы қаласы.
Қайрашева Дарина Төреханқызы - «Астана Балет» театрының бірінші балет солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қанатқызы Риза - «Астана Балет» театрының балет солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Лукьянова Рогнеда Викторовна - Қазақ ұлттық өнер университетінің доценті, Нұр-Сұлтан қаласы.
Мұқатова Айжан - «Астана Балет» театрының жетекші балет солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Мұстафина Сәуле Кеншібайқызы - Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық театрының дыбыс режиссері, Қарағанды қаласы.
Отарбаев Мәлік Нұржанұлы - жазушы.
Омаров Қанат Асқарұлы - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің бас дирижері, Алматы қаласы.
Перевалов Александр Леонидович - Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының атқарушы директоры, Алматы қаласы.
Садықова Анвара Әріпқызы - Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Сатыбалдина Тамара Мұхамедьярқызы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Алматы қаласы.
Сұлтанов Сүндет Нұрланұлы - «Астана Балет» театрының жетекші балет солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Түкеева Жанель Мұратқызы - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет артисі, Алматы қаласы.
Ізім Тойған Оспанқызы - Қазақ ұлттық хореография академиясының профессоры, Нұр-Сұлтан қаласы.
Цхе Вадим Петрович -Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің дене шынықтыру даярлығы жөніндегі жаттықтырушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Шапағат» медалі
Байдукенова Рухия Еділқызы - «Славян базары» халықаралық фестивалінің гран-при иегері.
Земель Геннадий -кинорежиссер, Алматы қаласы.
Каспер Ольга Александровна - әнші, Германия.
Қойбағаров Талап Кәрімұлы - Қазақстан Республикасының үстел теннисі федерациясының баспасөз хатшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қайназарова Ақмарал Елеусінқызы - Үнді классикалық би орталығының директоры, Алматы қаласы.
Ысмайлов Өмірәлі Дәуренбекұлы - суретші-кескіндемеші, Нұр-Сұлтан қаласы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы
Бекіш Құдайберген Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының аға оқытушысы, Алматы қаласы.
Бескембирова Раушан Қалайдарқызы - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының опера труппасының жетекші солисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Давутов Фархаджан Хамитович -Құддыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театрының артисі, Алматы қаласы.
Далбай Нұрлан Аманұлы - мүсінші, Алматы қаласы.
Құрманбеков Жақсыбек - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі, Алматы қаласы.
Құсайынов Еділ Сейілханұлы - Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы, Нұр-Сұлтан қаласы.
Өмірбаев Дәрежан Қаражанұлы - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының режиссері, Алматы қаласы.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
Ахмедьяров Асхат Сайлауұлы - суретші, Нұр-Сұлтан қаласы.
Әлмадиев Әлібек Бекболатұлы - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Болатов Өмірбек Төреұлы - «Астана Балет» театры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік қойылымдық қызметінің жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Қалмағамбетова Айна Серікқызы - Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының артисі, Нұр-Сұлтан қаласы.
Мерғалиев Яссауи - балет артисі, Алматы қаласы.
Цой Анатолий Васильевич - әнші, Алматы қаласы.