Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы онлайн режимде өткізілді

Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес отырысы онлайн режимде өткізілді

Бүгін Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің басшысы Мырзатай Жолдасбековтың төрағалығымен Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Іс-шараға қоғамдық кеңес мүшелері, Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері қатысты.

Халық алдында есеп беретін мемлекетті одан әрі қалыптастыру, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға бірқатар түзетулер енгізілді.

Жаңа заңнамалық нормаларды іске асыру аясында бүгінгі отырыстың күн тәртібінде 3 мәселе қаралды:
1. Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес қызметінің кейбір мәселелері туралы.
2. Мәдениет саласындағы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы.
3. Спорт саласындағы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы.

Талқылау және өткізілген ашық дауыс беру қорытындысы бойынша мәдениет, архив ісі, спорт, туризм салаларында комиссиялар құрылып, осы комиссиялардың төрағалары сайланды.

Төралқа құрамына Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова және жаңадан сайланған комиссия төрағалары кірді.

Қоғамдық кеңес қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында оның құрамында мәдениет, архив ісі, спорт және туризм салаларында төрт комиссия құрылып, сондай – ақ олардың төрағалары сайланды. Комиссияның төрағасы болып Анатолий Башмаков, туризм бойынша - Павел Казанцев, Мәдениет бойынша - Айман Мұсақожаева, спорт бойынша - Дәулет Тұрлыханов сайланды.

Мәдениет саласындағы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларының іске асырылу мониторингінің нәтижелері туралы Мәдениет комитетінің төрағасы Ақан Әбдуәлиев баяндады.

Атап айтқанда, ол ведомстволық бағынысты мәдениет ұйымдарының 2020 жылға арналған даму жоспарының орындалуы туралы есеп беріп, мәдениет саласындағы қызметтің негізгі бағыттарына шолу жасады.

«Есепті кезеңнің басында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт комитетінің қарауында барлығы 50 заңды тұлға болды, оның ішінде республикалық мемлекеттік мекемелерден – 8; республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар – 35; шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындардан – 1; Акционерлік қоғамдардан – 2; Коммерциялық емес Акционерлік қоғамдар – 3; Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер-1.
2020 жылы пандемия мәдениет саласына да өз әсерін тигізді. Дегенмен, пандемия кезеңінде төтенше жағдай мен шектеу шараларына қарамастан, бірде-бір мемлекеттік ұйым өз қызметін тоқтатқан жоқ. Жыл басынан бастап мемлекеттік мәдениет ұйымдары спектакль премьералары, көрмелер, концерттік іс-шаралар, конференциялар және т.б. сияқты 500-ге жуық маңызды іс-шаралар өткізді.
16 наурыздан бастап сала толығымен онлайн жұмыс форматына көшті. Мәселен, есепті кезеңнің толық емес 10 айында мәдениет ұйымдары 120 млн. астам қаралымы бар 75 мың онлайн іс-шара өткізді. Бұл халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі жобалар болатын. Іс жүзінде барлық деңгейдегі мәдениет ұйымдары қазақстандықтардың да, шетелдік көрермендердің де бос уақытын қамтамасыз ете отырып, өз жобаларын іске асырды. Ал, «Карантиндегі жұлдыз» бірегей жобасы қоғам мен ел басшылығы тарапынан ерекше атап өтілді.
Музыканттар, әртістер мен спортшылардың қатысуымен #Bizbirgemiz, #Birgeenseremiz, #Bizuidemiz хэштегтері бойынша мотивациялық бейнероликтер жасалды.
«Менің Қазақстаным», #COVIDHOMECONCERTS халықаралық музыкалық челленджі, «Сен қандай кітап оқисың?», «Біз үйдеміз, біз біргеміз» челлендждері ұйымдастырылды.

1-11 сынып оқушылары үшін ыңғайлы онлайн-форматта қысқа бейне-сабақтары бар «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылып, бүгінгі күні табысты жүзеге асырылуда. Қаралымдар саны 2.5 млн. астам адамды құрады, сайтта 10 000 астам қатысушы тіркелді.

Еліміздің ауылдық клубтары мен мәдениет үйлерінің, музейлері мен кітапханаларының қызметкерлерін қолдау мақсатында үшінші жыл қатарынан «Рухани қазына» республикалық байқауы өткізіліп келеді.
Өкінішке қарай, пандемия байқау ережелеріне де түзету енгізіп, 2020 жылы жоба аясында жоспарланған семинарлар мен тренингтерден бас тартуға тура келді. Осыған орай үнемделген қаражат номинацияларды ұлғайтуға бағытталды. Нәтижесінде жеңімпаздар 50 номинация бойынша анықталып, 22 үздік ұжымға 1 млн.теңгеден, 28 үздік қызметкердің әрқайсысына 500 мың теңгеден сертификат табысталды.

Дәстүрге айналған музей акциялары, «Музейлер шеруі», «Музей түні» шаралары онлайн форматта ұйымдастырылды. YouTube арналары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы көрсетілген виртуалды турларды 80 мың адам тамашалады.
Бүгінде еліміздегі барлық орталық музейлерде QR кодтар, онлайн экспозициялар, 3Д галереялар мен турлар жұмыс істейді.

Музей жәдігерлері мен музей коллекцияларын орталықтандырылған мемлекеттік электрондық есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы қалыптастырылған, онда 108 мемлекеттік музей қорынан 101 мыңнан астам экспонат бар. Бүгінде еліміздегі музейлердің қорынан 14 мыңға жуық экспонат цифрлық форматқа (3D модель) көшірілген.

Атап өтерлігі, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің есту қабілеті нашар адамдарға арналған субтитрлері бар арнайы бейне-экскурсиялар түріндегі әлеуметтік жобасы көрермендердің ерекше қызығушылығын туғызды. Онлайн режимінде 25 экскурсия өткізіліп, 13 мың адам қамтылған.

Сонымен қатар, пандемия кезінде Алматы қаласының студенттері мен мектеп оқушылары Орталық мемлекеттік музейдің онлайн режимінде өткізген музейлік сабақтарына үлкен қызығушылық танытты. Zoom платформасында барлығы 10 мыңнан астам адамды қамтитын 21 музей сабағы өткізілді.

Пандемия жағдайында еліміздің кітапханаларында құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жанданды.

Қазақстанның Ұлттық Электрондық Кітапханасының сегменті 60 мыңнан астам әдебиеттің электрондық көшірмелерін құрайды. Кітапханалардың интернет-ресурстарын пайдаланушылар саны 1,7%-ға ұлғайып, 1,1 млн.астам адамды құраған.

Есептік кезеңде кітапханалар өз оқырмандары үшін 20 мыңнан астам іс-шара өткізді. Онлайн форматта 100-ден астам халықаралық сарапшылардың қатысуымен 30 халықаралық жоба іске асырылған.

2020 жылы аяқталуы жоспарланған 25 фильмнің ішінде 13 фильмнің, «Мұқағали», «От», «Обучение Адемоки» көркем фильмдері, «Түркістан: бүгін, ертең», «Қасым Жәкібаев», «Последний рубеж» деректі фильмдері, «Граната», «Ыстық көл», «Рух» және т.б. қысқа метражды фильмдері сондай-ақ, «Ботай – арғымақтар мекені» анимациялық фильмінің өндірісін аяқтауға мүмкіндік туды.

Олардың премьералары мен кең прокатқа шығару мәселесі еліміздегі пандемияға байланысты жағдайды ескере отырып кейінге қалдырылды.

Республикалық және халықаралық деңгейдегі тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жоспарлау кезінде ескерткіштердің жай-күйі және мерейтойлық даталар ескерілді.

Жалпы, ғылыми-реставрациялық жұмыстар Отырар, Сарайшық, Сығанақ ортағасырлық қалашықтары, Алаш хан, Жошы хан кесенелері, Бекет ата жерасты мешіті және т.б. халықаралық және республикалық деңгейдегі 27 ескерткіште жүзеге асырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған барлық іс-шаралар іргелі сипатта және жоғары деңгейде өткізілді.
- 10 тамыз заңнамалық деңгейде Абай күні болып жарияланды.
- 2020 жылдан бастап әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығына Абай аты берілді.
- Хәкім Абайға 8 ескерткіш пен 2 бюст орнатылды.
- шетелде Абайдың 14 мәдени орталығы ашылды.
- ойшылдың еңбектері әлемнің 10 шет тіліне аударылды, «Абайтану» 10 томдығы және басқа да басылымдар жарық көрді.
- Семей қаласының әуежайы, 14 көше мен даңғылдар, оның ішінде Тбилиси қаласындағы, 6 білім беру мекемесі Абай есімімен аталды.
- Нұр-Сұлтан қаласында Абай академиясы ашылды», - деді Ақан Әбдуәлиев.

Сондай-ақ, Ақан Әбдуәлиев Мәдениет саласы бойынша 2020 жылғы жетістіктеріне талдау жасады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50% - ға дейін, өңірлерде 35% - ға дейін өсті. Жалпы, жалақы 36,4 мыңға жуық адамға өсті.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайды. 2020 жылы 75 мәдениет және өнер қайраткері, оның ішінде 6 жас маман мемлекеттік стипендия лауреаты атанды.

Мемлекет басшысы әдебиет пен өнердің жеті қайраткеріне Абай атындағы Әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын табыс етті.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығына академик Т.Шарманов және «Назарбаев Университетінің» ректоры Ш. Катсу ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5 республикалық Мәдениет ұйымына «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Мамандығы бойынша жұмыс істейтін балет артистеріне зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жалақысының 60% мөлшерінде арнайы ай сайынғы ақшалай төлемдер белгіленген.
Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрына республикалық мәртебе берілді, ұжым жаңа ғимаратқа көшті.
Екіжылдық үзілістен кейін Қ. Қожамияров атындағы Мемлекеттік академиялық республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, көрермендерге қызмет көрсету басталды.

«Таңғалы», «Ұлытау» және «Отырар» мұражай-қорықтарының сапар-орталықтарының құрылысы аяқталды»,- деді Мәдениет комитетінің төрағасы.

Күн тәртібіндегі қорытынды мәселе – «Спорт саласындағы Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарының даму жоспарларын іске асыру мониторингінің нәтижелері туралы» Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев баяндады.

«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі  Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің қарамағында 17 бағынысты ұйым бар. Оның ішінде 9 жоғары жетістіктер спортын, 1 олимпиадалық емес спорт түрлерін, 1 ұлттық спорт түрлерін, 1 спорттағы мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс спорт түрлерін, 4 спорт саласының жалпы бағыттарын дамытады.
Бағынысты ұйымдардың 2020 жылғы есептік кезеңдегі даму жоспарларындағы барлық көрсеткіштерге толықтай қол жеткізіліп, Министрліктің көрсетілген есептік кезеңдегі Стратегиялық жоспарының көрсеткіштерінің орындалуына үлестерін қосты.
Жалпы алғанда, әлемде қалыптасқан пандемияға қарамастан спорттық ұйымдардың алға қойған мақсаттары мен міндеттері толық орындалғанын атап өткім келеді. Министрліктің жалпы бағынысты ұйымдардың 2022 жылға арналған жоспарлары мен міндеттері бойынша республика аумағындағы Спорт саласына қатысты келесі жылға арналған стратегиялық құжаттарында көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу ескеріле отырып жасалады»,- деді Самат Ерғалиев.