Əлеуметтік желілерде қазақ азаматының бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшелеріне ақшалай қаражат беріп жатқан видеосының пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми түсініктемесі

Əлеуметтік желілерде қазақ азаматының бокстан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшелеріне ақшалай қаражат беріп жатқан видеосының пайда болуына байланысты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ресми түсініктемесі

Мәдениет және спорт министрлігі бокстан ұлттық құраманың даярлығына, жиынына және халықаралық жарыстарына 2019 – 2021 жылдары республикалық бюджеттен 1,5 млрд.теңге (3,5 млн.АҚШ доллары).

Сондай-ақ, түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісне, соның ішінде әлем чемпионаттарында мынадай мөлшерде ақшалай төлемдер қарастырылған:

1-орын үшін 15 000 АҚШ доллары;

2 орын үшін 7 000 АҚШ доллары;

3-орын үшін 5 000 АҚШ доллары.

Сондай-ақ олардың жаттықтырушыларына келесі мөлшерде:

1-орын үшін 10 000 АҚШ доллары;

2 орын үшін 5 000 АҚШ доллары;

3-орын үшін 3 000 АҚШ доллары қарастырылған.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңына сәйкес, Қазақстан бокс федерациясы Белград (Сербия) қаласында спортшыларды дайындауға, бокстан қазақстандық делегацияны басқаруға және сүйемелдеуге және олардың коммуникациясына жауап береді.

Ұлттық құраманың жекелеген боксшыларына ақша беру-бұл Федерация мен Министрліктің ресми тұлғасы болып саналмайтын азаматтың жеке бастамасы. Қазір Сербияда Қазақстан бокс федерациясының басшылығы мен жаттықтырушылар құрамы бар, оларға министрлік аталған факті бойынша түсініктеме алу үшін ресми сұрау жіберді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп бокстан ұлттық құрама командалардың спортшыларын сапалы даярлау үшін барлық жағдай жасалған.