«Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырылды

«Ұлттық Рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы таныстырылды

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ОКҚ-де ҚР  Мәдениет және спорт, Ақпарат және қоғамдық даму, Білім және ғылым министрліктерінің «Ұлттық рухани жаңғыру»: негізгі бағыттар» тақырыбында брифинг өтті.

Аталған брифингке Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов қатысып, Ұлттық жоба барысында БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Нұрғиса Дәуешовтың баяндамасы министрлік тарапынан қолға алынған Ұлттық жобаларға арналды.

«Бүгінде салада бірқатар жүйелі сын-қатерлер байқалуда. Мемлекеттік мәдени күн тәртібін орталықтандырылмаған басқару республиканың әртүрлі өңірлерінде мәдениетті теңгерімсіз қаржыландыруға және соның салдарынан қоғамның құндылық дезинтеграциясының жоғары тәуекелдеріне алып келеді. Ұлттық тарих пен мәдениет туралы сапалы контенттің сұранысқа ие цифрлық көздерде болмауы халықтың бойында идеологиялық вакуумды қалыптастырады және соның салдарынан жалпыұлттық тұтастықты қалыптастыру процестеріне төмен деңгейдегі қатысуына алып келеді»,-деді вице-министр.

Нұрғиса Дәуешовтың айтуы бойынша бұл мәселелер «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасында көрініс тапты. Ұлттық жобаның мәдениет саласы бөлігінде келесі бағыттарды қамтиды:

1 бағыт - «Рухани жаңғыру» құндылықтарын ілгерілету және мемлекеттік тілді дамыту;

2 бағыт - «Ел рухы».

Мәдениет мемлекеттің рухани дамуының стратегиялық ресурсы. Сондықтан аталған бағыттар аясында біз келесі міндеттерді алға қойдық - мектеп жасындағы балаларды мәдени тәрбиемен қамту, «Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру, мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру және отандық мәдени өнімді танымал ету.

Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы тарихи жадыға бай зияткерлік және адамгершілігі жоғары қоғамды қалыптастырудың және дамытудың пәрменді тетігі болуға қабілетті.

«Оқитын ұлт» жобасы шеңберінде халықтың кітап оқу белсенділігін арттыру атты көрсеткішке сәйкес Министрлік 5 іс-шараны жүргізуді көздеді.

Бұл іс- шаралар тұрғындардың, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің оқу сауаттылығын арттыру мен кітап оқу мәдениетін дамытуға, отандық қаламгерлерді, соның ішінде жас ақын-жазушыларды мемлекет тарапынан ынталандыру мен қолдауға бағытталған.

Министрлік «Балалар әдебиеті жылы» аясында ағымдағы жылы жүргізілген жұмыстарды әрі қарай жалғастыратынын жеткіземіз.

Соның ішінде оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған іс-шаралар балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуына ең қолайлы және қолжетімді бірден-бір орын – кітапханаларда жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, Министрліктің қолдауымен 2007 жылдан бері тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келе жатқан «Бір ел-бір кітап» оқу акциясы жаңа форматта ұсынылады.

Біздің анықтама: Акция 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен алғаш рет Абайдың «Қара сөздерін» ел болып оқудан бастау алды. Акцияның ерекшелігі – Кітапхананың жанына құрылған арнайы комиссияның шешімімен бекітілген кітаптар еліміздегі көпшілікке арналған кітапханалар мен білім беру ұйымдарында бүкіл ел болып оқылады. 15 жылға жуық уақыт ішінде 46 қазақстандық ақын-жазушылардың соның ішінде А.Құнанбайұлы, Ә.Кекілбаев, Ж.Жабаев, Ш.Мұртаза, Д.Исабеков, Ө.Жәнібеков, Ш.Айтматов және т.б. 46 кітабы жалпы ел болып оқылған.

Бұдан бөлек, өңірлердегі көпшілікке арналған кітапханалар «Әдеби өлкетану» жобасын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Осы ретте жоба аясында әрбір өңірге тиесілі әдебиеті мен ақын-жазушыларының шығармашылығын өзге өңірлердегі оқырмандарға таныстыру және насихаттау шараларына басымдық берілетін болады.

Бұл іс-шаралар қосымша қаржыландыруды талап етпейді.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда кітапхананың оқырмандарға ұсынатын онлайн қызметін жетілдіру мәселесі өзекті.

Осыған орай Министрлік Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасының қызметін жетілдіру, модификациялау және оқырмандар үшін мобильді қосымшалар арқылы электрондық кітапхананы қолжетімді ету жұмыстарын жүргізетін болады.

Біздің анықтама: Елімізде 2007 жылдан бері іске асырылып келе жатқан «Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы» ақпараттық жүйесі коронавирус пандемиясына орай әлемде, соның ішінде елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде еліміздегі және шетелдік оқырманға қазақстандық авторлардың шығармаларын қолжетімді етіп, кітап оқу мәдениетін насихаттауда үлкен рөл атқарды.

Пандемиялық шектеулер кезінде Қазақстанның Ұлттық электрондық кітапханасының қызметін пайдаланушы оқырмандар саны 4 есеге өсіп, Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия, Финляндия, Германия, Болгария, Румыния, Жапония, Оңтүстік Корея және т.б. секілді әлемнің 100-ден астам елдерінің оқырмандары пайдаланған.

Бұдан басқа Министрлік отандық қаламгерлерді ынталандыру мақсатында 2022 жылдан бастап «Үздік балалар шығармасы», «Жылдың үздік кітабы» байқауын ұйымдастырады.

Сондай-ақ, алдағы жылдан бастап отандық жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, жаңа есімдерді ұлықтау мақсатында жас ақын-жазушыларға президенттің арнайы «Айбоз» әдеби сыйлығы тағайындалатын болады.

​Сонымен қатар, Министрлік ұлттық жобаның «Ел рухы» II-бағыты аясында «Зағип және көзі нашар көретіндерге арналған кітапханалар қорын, соның ішінде мемлекеттік тілдегі ұлғайту» іс-шарасын жүргізуде.

Бұл бағыттағы жұмыс еліміздегі мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тең қолжетімділікті қалыптастыру және олардың әлеуетін іске асыру мақсатында 2025 жылға дейінгі кезеңді қарастырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар еліміздегі зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалармен бірлесе жүргізіледі.

Біздің анықтама: Елімізде Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана (бұдан әрі – ЗНКАРК), 7 облыстық, 4 қалалық, облыстық әмбебап кітапханалардың жанынан 5 арнайы бөлім, 5 филиал, мүмкіндігі шектеулі пайдаланушыларға қызмет көрсететін 111 кітапхана пункттері жұмыс жасайды. Арнайы кітапханаларда тіркелген зағип және нашар көретін азаматтар саны - 33 889, зағип оқырмандар саны - 32 989.

Аталған кітапхана оқырмандарының негізгі ақпарат көзі бедерлі-нүктелі шрифтпен, яғни Брайль қарпіндегі кітаптар. Алайда, бүгінде кітапханаларда рельефті-нүктелі шрифтпен басылған әдебиет түрлерінің, соның ішінде мемлекеттік тілдегі кітаптардың жетіспеушілігі байқалады.

Осыған орай Министрлік 2021 жылы арнайы кітапхана оқырмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін елімізде бедерлі-нүктелі шрифт баспаханасын ашу мақсатында бірқатар шет мемлекеттерінің нарығын зерделеді.

Сонымен қатар, Министрліктің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік жоспарында жыл сайын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға брайль принтері мен брайльдің портативті тактильді дисплейлерін, материалдық емес активтерді сатып алу үшін және кітапхана қорын толықтыруға тиісті қаражат қарастырылған.

Министрліктің 2022-2024 жылдарға арналған бюджеттік жоспарын нақтылау барысында бедерлі-нүктелі шрифт баспаханасын ашу үшін тиісті бюджеттік өтінім Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жолданатын болады.

Осылайша зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалардың мемлекеттік тілдегі кітап қорын ұлғайту жұмыстары кезең-кезеңмен іске асырылатын болады.

«Ел рухы» бағытында «Мәдениет объектілерімен және көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуінің өсуі, оның ішінде шалғай аудандарда», «Мәдениет саласындағы отандық цифрлық ресурстарға кіру санын арттыру», «Жаңадан шығарылған отандық анимациялық фильмдердің саны», «Қазақстандық кинопрокаттың жалпы көлеміндегі отандық фильмдердің үлесі», «Қолдау көрсетілген шығармашылық жобалар саны» мақсатты көрсеткіштері қарастырылған.

Бұл ретте 2025 жылға дейін 259 мәдениет нысаны салынып, 1241-і нысаны жөнделеді.

Біздің анықтама: «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының (ары қарай – Жол карта) 101 тармағы аясында 2025 жылға дейін 259 мәдени нысанның құрылысы бекітілген.

Аталмыш бағытта 2021 жылы республиканың 17 өңірінде 89 мәдени нысандардың құрылыс жұмыстары жүзеге асырылып келеді. Оның ішінде 10 музей, 5 кітапхана, 24 мәдениет үйлері, 8 мәдени-демалыс нысандары, 4 тарихи-мәдени орталықтар, 2 театр, 26 мәдени-демалыс орындары (парктер), 8 ескерткіштер комплексі, 1 өнер сарайы (Атамекен), 1 жазушылар үйінің құрылысы қарастырылған.

Қазір 31 нысанның жұмысы аяқталған, 33 нысан аяқталу сатысында және 25 нысанның жұмысы жүргізілуде. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Бұл Жол картасының 2021 жылғы 101 тармағы толыққанды орындалады деген сөз.

Аталған 89 нысанның құрылысы барлығы 35016,22 млн. теңге сомасында (РБ – 18 нысан, ЖБ – 51 нысан, РБ/МБ – 6 нысан, демеушілер есебінен – 14 нысан) жүзеге асырылып жатыр.

2022 жылы аталған 101-тармаққа сәйкес 35 мәдени нысанның құрылысы жоспарланған.

Жол картасының 102 тармағы аясында 2025 жылға дейін 1241 мәдени нысанды жөндеуден өткізу тапсырмасы бекітілген.

Жол картасының 102-тармағына сәйкес 2021 жылы 211 мәдени нысанды жөндеуден өткізу жоспарланған болатын.

Бүгінгі күні өңірлерде 245 нысанның жөндеу жұмыстары жүзеге асырылып отыр. Оның ішінде 50% астам нысанның жұмыстары аяқталып, қалғандары аяқталып келеді. Жыл соңына дейін аталған жұмыстар толық аяқталады.

2022 жылға 265 мәдени нысанды жөндеуден өткізу жоспарланған.

«Қазақстанның киелі географиясы» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Қазақстанның киелі объектілерін зерттеу мен зерделеуді қамтитын 40 әралуан іс-шараларды ұйымдастыру көзделген. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2021 жылға арналған археологиялық жұмыстарының жоспарына сәйкес ағымдағы жылы республикалық және жергілікті деңгейде 90-ға жуық объектілерде археологиялық жұмыстар жүргізу қарастырылған. Есепті кезеңде археологиялық зерттеу жұмыстары Жанкент, Қышқала, Ақтерек, Шымкент қалашықтарында, Ақмола облысындағы Атбасар, Запорожье, Алтынтау қорғандарында, Ақтөбе облысында Құрайлы некрополінде, Ботай, қонысы, Бозоқ, Бытығай, Есік, Рахат қалашықтарында жүргізіліп, қазақ тарихына қатысты тың деректер ғылыми айналымға енгізіледі.

Инфрақұрылымды жақсарту және туристер үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2025 жылға дейін республикалық музей-қорықтардың аумағында 8 визит-орталық салынатын болады.