Қазақстан мен Испанияның туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан мен Испанияның туризм саласындағы ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы А.Сәкенов Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Хорхе Урбиола Лопес де Монтенегромен кездесті. Екі жақты кездесуге Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Сәдуақасов та қатысты.

Сұхбат барысында екі елдің өкілдері туризм саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды талқылады.

Тараптар атап өткендей, әлемде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Қазақстан Республикасы мен Испанияның туризм саласындағы ынтымақтастығын кеңейту және нығайту мәселелері екі елдің дипломатиялық қатынастарының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

Қазақстандық өкілдер мен Испанияның дипломатиялық миссия басшысының біздің елдегі диалогының нәтижесі бойынша тараптар туризмді дамыту саласындағы одан әрі жемісті өзара іс-қимыл үшін қажетті материалдармен және тәжірибе алмасуға уәделесті.