Дамир Сәдуақасов Леонид Собинов атындағы байқауда үшінші орын алды

Дамир Сәдуақасов Леонид Собинов атындағы байқауда үшінші орын алды

7-12 қыркүйек аралығында Ресей Федерациясының Ярославль қаласында Леонид Собинов атындағы екінші халықаралық вокал байқауы (Sobinov International Vocal Competition) өтті.

Бұл байқауда Абай атындағы қазақ Мемлекеттік академиялық Опера және балет театрының жетекші солисі Дамир Сәдуақасов үшінші орын алды.

Айта кетейік, Ярославль қаласының филармониясы ұйымдастырған байқауға Владимир Чернов (қазылар алқасының төрағасы, Ресей-АҚШ), Нелли Миричою (Ұлыбритания), Рубен Лисициан, Ольга Капанина (Ресей үлкен театры опера труппасының кастинг-директоры) және «TACT Management» агенттігінің арт менеджері Алекс Григорев (Нидерланды) қазылық етті. 12 үміткер оркестрдің сүйемелдеуімен екі ария орындады (орысша және ше тілінде). Осыдан кейін қазалар алқасы кеңесіп, үздіктерді анықтады.