Раушан Қойшыбаева төртінші орын алды

Раушан Қойшыбаева төртінші орын алды

Бүгін пара пауэрлифтингтен 67 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасындағы бәсекеде Раушан Қойшыбаева бақ сынап, төртінші орын алды.

Сегіз атлет өнер көрсеткен сында отандасымыз әуелі 106 килоны сәтті еңсерген. Алайда екінші мүмкіндігінде 112 кило зілтемірді ырқына көндіре алған жоқ. Соңғы мүмкіндігінде дәл сол салмақты көтергенімен бұл нәтиже жүлдегерлер қатарына қосылуға жетпеді.

Бұл салмақта қытайлық Тань Юйцзяо екінші Паралимпиадада топ жарды. Күміс - мысарлық Фатма Омарға, қола - нигериялық Олайтан Ибраимға бұйырды.

Айта кетейік, 2016 жылғы Паралимпиадада отандасымыз Раушан Қойшыбаева бұл салмақта күміс медаль жеңіп алған. Сонымен қатар Раушан 2018 жылы Джакартада өткен Пара Азия ойындарында екінші орынға ие болған.