Теміржан Дәулет күміс жүлдеге ие болды

Теміржан Дәулет күміс жүлдеге ие болды

Бүгін 73 келіге дейінгі салмақтың финалында Теміржан Дәулет Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, қарсыласқа жол берді.

Айта кетейік, қазақстандық пара дзюдошы алғашқы айналымда әзірбайжандық Рамиль Гасимовты, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Николай Корнхассты, жартылай финалда грузиялық Георгий Калданиді таза ұтты.

Қола жүлдені украиналық Руфат Могомедов пен литвалық Освальдас Бареикис алды.

Осылайша, Теміржан Дәулет Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан екінші жүлдеге қол жеткізді. Кеше 60 килоға дейінгі салмақта татамиге шыққан Әнуар Сариев күміс жүлдеге ие болған еді. Қазір Қазақстан пара дзюдошыларының еншісінде 2 күміс бар.

Жалпы командалық есепте Қазақстан бір алтын, екі күміспен 18-орында келе жатыр.