10 тамыз – Абай күніне орай өтетін іс-шаралар

10 тамыз – Абай күніне орай өтетін іс-шаралар

10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай республикамыздың барлық өңірінде бірқатар ірілі-кішілі әдеби, мәдени-танымдық, ағартушылық, ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылады. Осы орайда аталған іс-шаралардың біршамасына тоқтала кетсек:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының бастамасымен «Алатау» дәстүрлі өнер театры әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармашылығын дәріптеу мақсатында «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй» атты республикалық онлайн байқау жариялады. Байқау талабы ақынның кез-келген шығармасын қазақтың ұлттық аспабының сүйемелдеуімен орындау қажет.

Павлодар облысында кітап көрмесі, «Адамзаттың Абайы» шығармашылық ұжымның челенджі, «Абайдың асқақ әндері» отбасылық ән марафоны ұйымдастырылады.

Алматы облысында «Абай әлемі» онлайн көрмесі, жас оқырмандар марафоны, мәнерлеп оқу сағаты, Мұхтар Әуезовтің «Абай» спектаклінен үзінді. Онлайн концерт, ғылыми танымдық іс-шаралар, Абай және онлайн көрме, «Желсіз түнде жарық ай» онлайн-концерт өтеді.

Атырау облысында Абайдың әндері мен жырларынан театрландырылған үлкен концерт өтеді. Бұл мерекелік іс-шара Жайық өзенінде жүзген кемелер үстінде көрерменге тарту етілмек.

Шығыс Қазақстан облысында Абай ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімі, «Абай мұрасы-халық қазынасы» әдеби-әуенді онлайн кездесу секілді түрлі мәдени, әдеби, танымдық, ғылыми іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сонымен қатар ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай өтетін ұзақ мерзімді мерекелік іс-шаралар:

10 тамыз, «Артық ғылым кітапта» атты кітап көрмесі (ай бойы)

10 тамыз сағат 11:00, Хакім Абайдың туған күнінне орай, мектеп оқушылары арасында «Абайды сүй, адам бол» атты Абай өлеңдерін оқу сайысы.

10 тамыз, сағат 15:00, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери патриоттық қозғалысының жастары ұлы ақын Абай шығармаларын талқылап Абай өлеңдерін оқиды.

10 тамыз сағат 15:00, Хакім Абайдың туған күніне орай абайтанушы ғалым, профессор Тұрсын Жұртбайдың «Ұлы дала данышпаны» атты лекциялары, онлайн кездесу.

10 тамыз, «Әнді сүйсең, менше сүй» Абай әндерін шырқау, әдеби-музыкалық караоке (күні бойы)

10 тамыз, «Әлем таныған Абай» әдеби-сазды мерекелік іс-шарасы (күні бойы).