Нұрислам Санаев – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Нұрислам Санаев – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

57 килоға дейінгі салмақтағы Нұрислам Санаев жұбаныш белдесуінде болгариялық Георгий Вангеловты жеңіп, қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, Нұрислам ширек финалда жапониялық Юки Такахасиден, бірінші белдесуінде Гвинея және Бисау елінің палуаны Диамантину Иуна Фафені жеңген еді.

Өкінішке қарай, отандасымыздың жартылай финалда үндістандық Рави Кумар Дахияға жол берген.