Данияр Қайсанов қола медаль үшін күреседі

Данияр Қайсанов қола медаль үшін күреседі

Бүгін еркін күрестен 74 кило салмақта ақтық сынға шыққан балуандар анықталды. Отандасымыз Данияр Қайсанов Ресей Олимпиада комитетінің өкілі Зауырбек Сидаковпен белдесіп, ұтылып қалды.

Енді Зауырбек ертең алтын жүлде үшін таласады.  Ал Данияр жұбаныш белдесуінде қола медальді сарапқа салады.  

Айта кетейік, осыған дейін Данияр алғашқы белдесуінде жапониялық Кэисукэ Отогуроны, ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссейнді 8:5 есебімен жеңді.