Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Санаулы сәттер бұрын Олимпиаданың ширек финалында Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы (2017 жылы) испаниялық Гарбинье Мугуруса Бланкодан басым түсіп, жартылай финалға шықты.

Екі сетке созылған кездесу 7:5, 6:1 есебімен Еленаның пайдасына аяқталды.

Матч бір сағат, 33 минутқа созылды. Бас төреші – норвегиялық Юлие Кьендле.

Айта кетейік, кеше еліміздің бірінші ракеткасы үшінші айналымда хорватиялық Донна Векичтен (7:6 (7:3), 6:4), екінші айналымда швециялық Ребекка Петерсоннан (6:2,6:3), алғашқы кезеңде австралиялық Саманта Стосурдан екі сетте (6:4,6:2) басым түскен.