Бүгін қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасында Зәкір Сафиуллин шаршы алаңда алғашқы жеке-жегін өткізді. 63 килода ел намысын қорғайтын Зәкір Сафиуллин 1/16-шы кезеңде перулік Леодан Сабоя Пезомен жұдырықтасып, басым түсті.
Енді Зәкір келесі кезеңде жапониялық Дайсуке Наримацу мен конголық Фистон Мбая Мулумба жұбының жеңімпазымен жолығады.
Біздің анықтама:
Зәкір Сафиуллин 19986 жылы 11 қарашада Шымкент қаласында дүниеге келген. Былтыр мамырда Йордания астанасы Амманда өткен Азия және тынық мұхиты аймағының іріктеу бәсекесінде Олимпиада жолдамасын иеленген.
Бокс бәсекесін Рёгоку Кокугикан спорт аренасы қабылдайды. Негізі сумо спортына арналған нысан Токио қаласының Сумида ауданы Ёкоами кварталында орналасқан. Сыйымдылығы - 11 100 адам.