Жастар арасындағы V cgjhn ойындары бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша жарыс енген

Жастар арасындағы V cgjhn ойындары бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрі бойынша жарыс енген

V Жастар арасындағы спорт ойындары өтіп жатыр. Ойындардың бағдарламасына 36 жазғы олимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар енді.

Айта кетейік, аталған жарыс төрт жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Жарысқа еліміздің 3 қаласы мен 14 облысынан спортшылар қатысуда.

Бүгін 25 спорт түрі бойынша жарыстың нәтижелері шықты. Бірінші орында Алматы қаласы (757) ұпай, екінші орында Шымкент қаласы – 702, үштікті Алматы облысы түйіндейді 661 ұпай.

Жастар ойындары 10 наурызда ашылған болатын. Жарыстың ашылуына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері Комитеті төрағасы Серік Сәпиев қатысты.

Бұл ойындар биылғы жылдың наурыз-тамыз айлары аралығында өтеді.

Жарыстың жабылуы – Теміртау қаласында 1 тамызға жоспарланып отыр.

Нәтижелер