14-15 мамырда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры «Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасын ұсынады.
Туынды авторы – Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Мұқанова. Режиссері – Жұлдызбек Жұманбай. Қоюшы суретші – Қанат Мақсұтов. Комозитор – Ғалымжан Секеев. Киім үлгісінің суретшілері – Әлия Лұқпанова, Маржан Әбілдина. Хореограф – Карина Жиренбаева. Хормейстер – Ержан Сансызбаев.
Бопай ханым – Әбілқайырдың зайыбы, қиын күндерде ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты жеңе білген көреген қазақ әйелі. Әбілқайырдан кейінгі ұлт тағдырының таразысы тек Бопайға біткен болмыс, Бопайға берілген құзырет. Бопайдың қайраткерлік тұлғасы, асыл ана ретінде тәрбиелік өнегесі – ұлтқа мақтаныш, ұрпаққа үлгі.
Бопай ханым бейнесін бірінші құрамда театр және кино майталманы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, «Құрмет», «Парасат» орденінің иегері Лейло Бекназар-Ханинга сомдайды.
Әбілқайыр хан рөлін бірінші құрамда Ержан Нұрымбет, екінші құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сырым Қашқабаев, Нұрәлі ханды Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Жанат Оспанов, Барақ сұлтан рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қуандық Қыстықбай мен Жанқалдыбек Төленбаев сомдайды.
Жұмбақ рөлін бірінші құрамда Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіл, екінші құрамда актер Асылбек Қапаев, Неплюев рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақыш Омар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрам Қайсанов сомдайды. Премьераның екінші күні Бопай бейнесін сахнада Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Сая Тоқманғалиева сомдайды. Сонымен қатар, спектакльде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айнұр Бермұхамбетова, Жастар Одағы сыйлығының иегері Ботагөз Мақсұтова, Бақытгүл Батырханова, Арай Омарова, Ақмарал Танабаева және театрдың жас артистері Бәзіл Сұлтанғазы, Ерсін Айтмұқаш, Ұлжан Оразаева, Ерғұлан Жанпейісов, Әнуар Бектас, Қайыржан Садықов, Ақжол Мамыр тарихи кейіпкерлердің бейнесінде.
Дәл осы күні Лейло Ақназарқызының сахна және кинодағы 40 жылдық шығармашылығын қамтитын «Жұлдызым менің жоғары» кітабының тұсаукесері өтеді.
ҚҰРМЕТТІ БАҚ ӨКІЛДЕРІ!
«Бопай ханым» тарихи трагедиясының премьерасына орай 14 мамыр, сағат 17.30-да баспасөз жиыны өтеді.
Аккредитация үшін: +7705 990 25 95 Ақерке Исина
E-mail: kazteatr@mail.ru