«Рухани қазына – 2021» – Ұлттық мұралар ұлықталатын алаң

«Рухани қазына – 2021» – Ұлттық мұралар ұлықталатын алаң

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 12-14 мамырда өткізіліп жатқан "Рухани қазына-2021" онлайн фестивалінің аясында отандық мәдениет саласының үздік ұйымдары мен қызметкерлері анықталады.

Әр өңірден оқ бойы оза шапқан өнерпаздардың ақтық кезеңдегі жұмыстарын бағалау Нұр-Сұлтан қаласында онлайн режимде өтеді. Жеңімпаздар Кітапхана саласы, Музей ісі, Мәдениет ұйымдары бойынша анықталады.

Үздіктерді іріктеу жұмыстары Министрліктің ютуб каналында, Кітапхана саласы бойынша Ұлттық Академиялық кітапхананың, Музей саласы бойынша Ұлттық музейдің, Мәдени демалыс ұйымдары бойынша "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымының Фейсбук парақшаларында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай ақ фестиваль барысында министрлік ресми жариялаған 2021 жылы Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында отандық балалар әдебиетінің өкілдеріне, кітапхана ісінің мамандары мен үздік әдебиет және өнер музейлеріне арнайы жүлделер табысталады.

Фестиваль қорытындысы 2021 жылдың 19-21 мамырында Көкше өңірінде жарияланып, фестиваль тарихында тұңғыш рет Қазақстанның 2021 жылғы мәдени астанасы анықталады.