Ақтоты Райымқұлова Данат Жуминді қабылдады

Ақтоты Райымқұлова Данат Жуминді қабылдады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Креативті индустрияны дамыту жөніндегі жобалық кеңсе жетекшісі Данат Жуминді қабылдады.

Жүздесуде креативті индустрия шеңберінде Қазақстанның кинокластерін дамыту жайында әңгіме өрбіді.

Данат Жумин өзі басқаратын жобалық кеңсе креативті экономиканы дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу үшін ведомствоаралық алаңға айналып келе жатқанын атап өтті.

«Креативті индустрияға шығармашылық еңбек пен зияткерлік меншік құқықтарын басқару нәтижесінде қосылған құн пайда болатын бизнестің барлық түрлері кіреді. Әлемде оларға дизайн, сәулет, музыка, кино, медиа, IT және басқалар кіреді», - деді Данат Жумин.

Сонымен қатар Данат Жумин министрді жобалық кеңсе жақын арада жүзеге асатын дайын жобалармен таныстырып, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен киноиндустрия саласын дамыту тақырыбын қозғады.

Алдағы уақытта жобалық кеңсе еліміздің заңнамалық базасына «креативті индустрия» ұғымын, оның әдіснамасын, статистикасын және саланың әлеуеті мен кедергілерін нақты түсінуді дайындауы керек.

Кеңсенің алдында мемлекеттің саланы реттеуі керек пе, жоқ па, үкімет инвестиция салуы керек пе, жоқ па, соны түсіну үшін саясат, белгілеуді дамыту міндеті тұр.

Мұның бәрін индустрияны дамыту бойынша ұсыныстарды анықтау және әзірлеу қажет. Бұл міндеттерді шешу үшін бірнеше ай қажет болады. Жобалық кеңсе ведомствоаралық жұмыс тобы форматында жұмыс істейтін болады. Ол мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмыс істеп тұрған қызметкерлерінің құрамынан қалыптастырылады.