Таиландтың Паттайя қаласында слаломды есуден Олимпиадаға Азия іріктеу турнирі өтіп жатыр.
Аталған сында Қазақстан қоржынына алғашқы жолдама түсті. Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александр Куликов жеңіске жетті. Оның уақыт көрсеткіші - 80.42. (Бұл бәсекеде Олимпиада жолдамасы тек қана жеңімпаз спортшыға беріледі.)
Финалда бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Қуаныш Еренғайыпов 7-ші орыннан көрінді. Ақтық сында он спортшы жарысқан болатын.