Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова онлайн форматта былтыр Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуге ерекше атсалысқан тұлғалармен жүздесіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын табыстады.
«2020 жылы қазақ руханиятының темірқазығы, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын сындарлы кезеңге қарамастан халықаралық деңгейде атап өттік.
Өткен жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырудың түпкі мақсатына тоқталған болатын.
Осы орайда Мəдениет жəне спорт министрлігі өзге де мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, кешенді іс-шаралар легін өткізді. Бұл шаруаның бəрі қиын жағдайға қарамастан ел аумағы мен халықаралық деңгейде той тойлау үшін емес, азаматтардың ой-өрісін кеңейтіп, рухани кемелденуіне бағытталды.
Абай - ұлт мақтанышы. Абай - даналық пен кемеңгерліктің алып шыңы. Хакім - заманы мен қоғамын ерте болжап, білім көкжиегіне көз жіберіп, кемел елдің келешегі тек білімде екенін насихаттаған кемеңгер тұлға. Жастардың болашағына жарқын жол сілтейтін жарық сәуле хакім туындыларында тұнып тұр. Сондықтан ақынның мол мұрасын зерттеп, көпшілікке ұсыну жұмысын жалғастыра береміз. Осы мерейтой аясында Абай мен Əл-Фараби əлемін еңсеруге ерекше атсалысқан азаматтарды Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы алғыс хатпен марапаттап отыр»,-деді министр.
Осыдан кейін Мемлекет басшысының Алғыс хатын оқып берді.
«Халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық және дала данышпаны, әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойларына арналған іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қосқан үлкен үлесіңіз үшін Сізге алғысымды білдіремін.
Аталған мерейтойлар аясында қазақстандықтардың, әсіресе жас ұрпақтың санасына ұлы тұлғалардың өнегесін сіңіруге, тағлым алуға елеулі жұмыс жүргізілді.
Бірқатар шетел халқын хакім Абайдың және ұлы ойшыл әл-Фарабидің мұрасымен қатар, отандық мәдениет пен өнердің жетістіктерімен таныстырудың зор мүмкіндігі туды.
Тәуелсіз Отанымызды өркендету жолындағы қызметіңізге толайым табыс тілеймін!»,-деп жазылған Президенттің Алғыс хатында.
Абай Құнанбайұлының 175, Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына атсалысқаны үшін Президенттің Алғыс хатын алғандар:
№ |
Аты-жөні
|
Лауазымы |
|
1 |
Шаңбай Тұрдықұл Қасенұлы |
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры, ақын, қоғам қайраткері
|
ШҚО |
2 |
Кенжеханұлы Рауан |
«Ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры
|
Нұр-Сұлтан |
3 |
Есім Ғарифолла Есімұлы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, абайтанушы
|
Нұр-Сұлтан |
4 |
Қасейінов Дүйсен Қорабайұлы |
Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) бас директоры
|
Шетелде |
5 |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы |
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты
|
Нұр-Сұлтан |
6 |
Мырзахметұлы Мекемтас |
Абайтанушы, ғалым, филология ғалымдарының докторы, профессор
|
Нұр-Сұлтан |
7 |
Жұртбай Тұрсын Қожакелдіұлы |
Жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, әуезовтанушы, алаштанушы
|
Нұр-Сұлтан |
8 |
Оразалин Сұлтан |
Жазушы, журналист, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері
|
Нұр-Сұлтан |
9 |
Еспенбетов Арап Слямұлы |
Филология ғылымдарының докторы, Шәкәрім университетінің профессоры
|
ШҚО |
10 |
Щербаков Борис Васильевич |
Жазушы, «Жидебайдың жұлдызды даласы» - «Звездная степь Жидебая» кітабының авторы
|
ШҚО |
11 |
Балтақайұлы Манатай |
Абай ауданының құрметті азаматы, Абай ұрпақтарының бірі
|
ШҚО |
12 |
Әбдікәкімов Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
|
Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері |
ШҚО |
13 |
Исин Амантай |
Абайтанушы (Семей қаласы)
|
ШҚО |
14 |
Картаева Айжан Маратбекқызы |
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті «Абайтану» ғылым-зерттеу орталыгының директоры, филология ғылымдарының докторы
|
ШҚО |
15 |
Әубәкір Жандос Мағазбекұлы |
Шәкәрім университеті Абай институтының директоры, доцент, Абайтану оқуларының авторы
|
ШҚО |
16 |
Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы |
«Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,филология ғылымдарының кандидаты
|
ШҚО |
17 |
Кунафина Гүлнар Ағзанқызы |
№16 мектеп оқытушысы, Абайтану оқулығы авторы
|
ШҚО |
18 |
Оспанов Мұратбек |
«Абай» журналының редакторы
|
ШҚО |
19 |
Кәрібжанов Отантай |
Республикалық «Абай» қоғамдық қорының президенті
|
ШҚО |
20 |
Мұңалбаева Үмітхан Дәуренбекқызы |
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор. ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы
|
Нұр-Сұлтан |
21 |
Ахметов Әділ Құрманжанұлы |
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог-ғалым, филология ғылымының докторы, профессор |
Нұр -Сұлтан |
22 |
Ибраев Шәкір |
Фольклортанушы, түркітанушы, филология ғалымдарының докторы, профессор
|
Нұр-Сұлтан |
23 |
Нұржан Светқали |
Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері
|
Атырау |
24 |
Дәулеткерей Кәпұлы |
ҚР Жазушылар Одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын
|
Нұр-Сұлтан |
25 |
Мұхаметқалиқызы Алмахан |
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының жетекшісі, ақын, абайтанушы
|
Нұр-Сұлтан |
26 |
Әлімжанов Баянғали Тоқанұлы |
Ақын, драматург, жазушы, жыршы, манасшы, кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері
|
Көкшетау |
27 |
Қорғанбеков Болат Сағынбекұлы |
Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының доценті
|
Нұр-Сұлтан |
28 |
Омаров Асан |
Абайтанушы ғалым, философия ғылымдарының кандидаты
|
Нұр-Сұлтан |
29 |
Мұқышева Раушангүл |
Филология ғылымдарының кандидаты (Венгрия)
|
Венгрия |
30 |
Ким Анатолий Андреевич |
Жазушы, драматург және аудармашы (Ресей)
|
Ресей |
31 |
Қайрамбаева Мейрамгүл Сейтжаппарқызы |
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейі директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары
|
ШҚО |
32 |
Өмірдекова Нұрсұлу Санақбекқызы |
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің жетекші ғылыми қызметкері
|
ШҚО |
33 |
Мұхамедова Маржан Біржанқызы |
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық музейінің жетекші ғылыми қызметкері
|
ШҚО |
34 |
Қайнаров Төлеген Қайнарұлы |
«Берел» қорық-музейінің әдіскері Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Семей қаласында «Алтын-Алтай» атты көрме ұйымдастыруға ат салысқаны үшін
|
ШҚО |
35 |
Есенаманов Ерген Баймаханұлы |
«Қазқайтажаңарту» Тараз филиалының жетекші инженеры
|
Тараз |
36 |
Кемеңгерова Айгүл Ризабекқызы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің кіші ғылыми қызметкері
|
Нұр-Сұлтан |
37 |
Мұсаходжаева Айман Қожабекқызы |
Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры
|
Нұр-Сұлтан |
38 |
Сахно Елена Юрьевна |
«Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының концертмейстері
|
Нұр-Сұлтан |
39 |
Сейдулла Жеңіс Сейдуллаұлы |
«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры
|
Нұр-Сұлтан |
40 |
Есмағамбетов Айдос |
Ұлы Абайдың балауыздан мүсінін жасаған суретші
|
Нұр-Сұлтан |
41 |
Жотабаева Алтын Рашиденқызы |
«Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы Мемлекеттік және коммерциялық тапсырыс бөлімінің бастығы
|
Нұр-Сұлтан |
42 |
Мырзашева Гульнафис Советханқызы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті кинематография және театр өнері басқармасының бас сарапшысы
|
Нұр-Сұлтан |
43 |
Бекбатырова Әлия Мұхтарқызы |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаменті Баспа ісі басқармасының басшығы
|
Нұр-Сұлтан |
44 |
Әбдіхалықова Лена Мәжитқызы |
Әнші-композитор, ақын,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Абай» телеарнасының бағдарлама жүргізушісі
|
Нұр-Сұлтан |
45 |
Басенов Алмат Ғалиұлы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айналысы департаменті Банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының бастығы
|
Нұр-Сұлтан |
46 |
Машеева Айжан Аманбекқызы |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қолма-қол ақша айнылысы департаменті Банкноттар мен монеталар дизайны басқармасының бас маман-экономисі
|
Нұр-Сұлтан |
47 |
Әбілдаев Диас Юрьевич |
«Қазпошта» АҚ сервис филиалы Пошталық маркалар бөлімінің бастығы
|
Нұр-Сұлтан |
48 |
Ердембеков Бауыржан Амангелдіұлы |
Семей қаласы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры |
ШҚО |
Жиын соңында Ақтоты Райымқұлова марапатталған азаматтарды құттықтап, Әбу Насыр әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы сынды айтулы тұлғаларымыздың мол мұрасын насихаттау жолында жұмыла жұмыс істеуге шақырды.