Токио Олимпиадасы туралы анықтама

Токио Олимпиадасы туралы анықтама

XXXII жазғы Олимпиада 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Жапония астанасында Токио қаласында өтеді. Төрт жылдықтың басты додасы Токиода 1964 жылдан кейін осымен екінші рет өтеді. 1940 жылы екінші дүниежүзілік соғыстың кесірінен өтпей қалған. Биылғы жазғы додаға әлемнің 206 мемлекетінен 11 090 спортшы қатысады. Оның ішінде 51% - ер,  49%-ы - әйел.

Жалпы 33 спорт түрінен 339 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Бұл қатарда Токиодағы олимпия ойындарына құзға өрмелеу, серфинг, карате, бейсбол, скейтбординг, сынды 5 спорт түрі тыңнан қосылып отыр.    

Қазақстан дербес мемлекет ретінде жазғы олимпиадаға 1996 жылдан бері қатысып келеді. Осы күнге дейін қазақ спортшылары 6 олимпия ойынында жүлдеге таласып, 15 алтын, 21 күміс, 25 қола жеңіп алған.