
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан халықаралық онлайн-байқау жариялайды.
ЕРЕЖЕСІ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «Ұлы адамдарды мақтан тұту керек. Олардың есімдері тарихта жоғалмауы керек, бүгінгі күннің мақтанышы болуы керек» деген сөздеріне сүйене отырып, филармония ұжымы музыка өнері саласындағы өткен және қазіргі заманның ұлы қайраткерлерінің бейнелерін қалыптастыруға және олардың шығармашылығын ұлықтауға бастама жасайды.
Осы Жолдау негізінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқысымен 2021 жылы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы аясында, Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай, ұлт тұлғасының есімін абыроймен иеленіп отырған Қазақ мемлекеттік филармониясы бірқатар ауқымды мәдени іс-шаралар, сонымен қатар, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқудан халықаралық онлайн-байқау өткізуді жоспарлап отыр.
Жамбыл Жабаевтың шығармашылығы біздің елде ғана емес, алыс-жақын шетелдерде кеңінен танымал. Халық поэзиясындағы жаңа өрлеу оның есімімен тығыз байланысты.
Байқаудың мақсаты:
Патриотизмді, рухани-адамгершілік үйлесімділікті дамыту және жаңа технологиялардың көмегімен жастардың көркемдік талғамын тәрбиелеу, кәсіби дәстүрлі музыка әлеміне және көркемсөз өнеріне баулу;
Әр елдердегі мәдени-ағарту мекемелері мен жастарға білім беретін ұжымдардың өзара ара-қатынасын және тәжірибе алмасуын ұйымдастыру, келешекте бірлескен шығармашылық жұмыстар жасауына ықпал ету;
Жас өнер өкілдерінің қалыптасуы мен дамуына ықпал ету, олардың шығармашылық әлеуетін іс жүзінде іске асыруға жәрдем беру;
Халықаралық еңбек нарығында болашақ өнер өкілдері мен дарынды орындаушылардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
Қоғамның және жастардың Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына деген ынтасын оятып, қызығушылығын арттыру, жыр алыбының баға жетпес ұлттық мұрасы арқылы халықтың рухани деңгейін дамыту.
Өткізу форматы: ОНЛАЙН
Өткізу мерзімі: 2021 жылдың 15 наурыз күні байқауды жариялау;
• 25 наурыз - 15 сәуір аралығында қатысушылардан өтінімдер қабылдау;
• 22-30 сәуір аралығында байқауға қатысушылардың бейнежазбаларын (видеозапись) әлеуметтік желілерде жариялау;
• 15-мамыр күні дауыс беруді тоқтату;
• Жеңімпаздар қазылар алқасы шешімінің және желі қолданушыларының кері байланысының («ұнату» санының көлемі) негізінде анықталады.
Байқаудың шарттары:
• Байқауға 4-6; 7-8; және 9-11 сынып аралығындағы орта мектептердің, мектеп-лицейлер мен гимназиялардың оқушылары қатыса алады.
• Қатысушы даулы жағдайлар туындатқанда, байқаудың басқа қатысушыларына, Ұйымдастыру комитетіне тіл тигізген жағдайда байқаудан шеттетілуі мүмкін;
• Ұйымдастыру комитеті осы Ережеге, байқауды өткізу регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
Видеоға қойылатын талаптар:
• Байқауға анық, айқын түсірілген және сапалы дыбыста жазылған бейне жазба (видеозапись) қабылданады;
• Киім үлгісі сахналық болуы тиіс;
• fil.almaty@gmail.com жәшігіне белгіленген уақыттан кешіктірмей «Бейнежазба» мен төмендегі үлгі бойынша «Өтінімді» жіберу керек.
Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау:
• Әр жас санаты бойынша I, II және III орын жеңімпаздарына естелік сыйлықтары мен марапат қағаздары табысталады;
• Ұйымдастыру комитеті «Арнайы сыйлық» әзірлейді;
• Байқау жеңімпаздары филармонияның сахнасында өтетін музыкалық-поэтикалық және театрландырылған қойылым-концертке қатысады.
Байқаудың қорытындысына шағымдану қарастырылмайды. Ұйымдастыру комитеті көрермендердің дауыс беруіне жауап бермейді.
Байқаудың нәтижесі туралы толық ақпарат филармонияның әлеуметтік желідегі парақшаларында және www.fil.kz ресми сайтында жарияланады.
Байланыс тел.: +77028098007 Манар Алиева
ӨТІНІМ
Аты-жөні
Жас санаты
Оқу орнының атауы
Шығарма атауы
Байланыс телефоны
Электронды поштасы