Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді

Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың бұйрығымен ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді.

Министрдің «Ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекіту туралы» (2021 жылғы 26 ақпандағы №52) бұйрығы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын орындау мақсатында қабылданды.

Бұйрыққа сәйкес ұлттық спорт түрлерінің тізімінде: аударыспақ; асық ату; бәйге; жамбы ату; жекпе-жек; көкпар; қазақ күресі; құсбегілік; тоғызқұмалақ бар.