Ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтеді

Ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі Жол картасына қол қою рәсімі өтеді

24 ақпанда (16:00-де) ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ бірлесіп, 2021 жылға арналған ұлттық туристік өнімді әзірлеу жөніндегі үшжақты Жол картасына қол қояды.

Жол картасы ұлттық туристік өнімді әзірлеу, жекелеген туризм түрлерін (балалар-жасөспірімдер туризмі, медицина және сауықтыру туризмі) және қолөнерді дамыту, елдің туристік әлеуетін арттыру бойынша елеулі іс-шараларды қамтиды.

Жол картасы шеңберінде қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру еліміздегі туристік өнімнің әзірленуінің механизмдерін жан-жақты талдау және өзектендіруге, қолөнер шеберлерінің жұмысын ретке келтіру және түйткілді мәселелерді шешуге, туризм түрлерін дамытудың тұжырымдамалық шешімдерін анықтауға мүмкіндік береді.

Осыған ұқсас Жол картасы 2020 жылы «Атамекен» ҰКП мен «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ арасында жасалған болатын. Жол картасы ұлттық туристік өнімді қалыптастыруға бағытталды. Жол картасы шеңберінде санатория, курорт нысандарын түгендеу бойынша ауқымды жұмыс, қолөнер және агротуризм бойынша кешенді экспедиция жүргізіліп, оқушылар үшін білім беру экскурсияларын ұйымдастыру бойынша «Жанды сабақтар» қанатқақты жоба іске асырылды. Сонымен қатар танымал тур бағыттар бойынша қажет инфрақұрылым айқындалды. Осы орайда ұлттық туристік өнімді қалыптастыру үшін бірігіп жұмыс істеу жөніндегі бастама нарықта оң бағасын алғанын атап өткен жөн.

Байланыс телефоны: 8-778 777 9009