Серік Нұрмолдаев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметіне тағайындалды

Серік Нұрмолдаев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры қызметіне Серік Тоқтасынұлы Нұрмолдаев тағайындалды.

Бүгін ұжымға жаңа басшыны Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов таныстырды.

Біздің анықтама:

Серік Нұрмолдаев 2010 жылы Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясын, 2012 жылы осы консерваторияның магистратурасын тәмамдаған. 2011 жылы Гнесиндер атындағы Ресей музыка академиясында және 2018 жылы Әзірбайжан ұлттық консерваториясында тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 2007 жылы «Алматы әуендері» МҚКК-да музыкант-аспапшы ретінде бастаған.

2009-2010 жылдары №1 музыкалық балалар мектебінде домбыра мұғалімі;

2011-2016 жылдары К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатында қосымша жүктемедегі халық аспаптар бөлімінің педагогы;

2012-2014 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында композиция және арт-менеджмент кафедрасында оқытушы;

2013-2014 жылдары Ықылас атындағы қазақ халық музыкалық аспаптар мұражайының экскурсия бөлімінде кіші ғылыми қызметкер;

2014-2016 жылдары Іле ауданының «№1 балалар музыкалық мектебі» МКҚК-ның оқу ісі жұмысы жөніндегі директор орынбасары;

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында арт-менеджмент кафедрасында оқытушы;

2019 жылдан осы уақытқа дейін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымы директорының ұйымдастыру мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарды.

«Мәдениет саласының үздігі» медалінің иегері, мәдениет қызметкерлері арасында Президент стипендиясының иегері (2018).

Композитор – «Еуразиялық халықаралық сыйлықтың» күміс жүлдегері, Terra Incognitо халықаралық сыйлығының иегері (Ресей), «ТҰРАН» этно-фольклорлы ансамблінің қатысушысы.