Ералы Тоғжанов: Мәдениет саласына қажет кадр даярлауды жүйелі негізде қолға алуы қажет

Ералы Тоғжанов: Мәдениет саласына қажет кадр даярлауды жүйелі негізде қолға алуы қажет

Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Жиында Ақтоты Райымқұлова Министрліктің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, осы жылға арналған жоспары жайлы тарқатып айтты.

Министр баяндамасында 2020 жыл әлем үшін оңай болмағанын, десе де мәдениет, спорт, туризм саласы өкілдерінің бұл сынаққа төтеп беріп, табысты қызмет еткенін атап өтті.

«Министрлік пандемия көптеген жоспарды қайта қарап, түзетіп, жұмыстың жаңа нысандарын енгізді. Министрлік карантин кезінде 120 млн-нан астам қаралым жинаған көптеген онлайн-жобаларды іске қосты. Біз бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз.

Қазіргі жағдайға қарамастан, жыл нәтижелі болып, оң жетістіктерге қол жеткіздік. 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы толық ақпаратты жетекшілік ететін вице-министрлер баяндады.

Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды. Бұл жалақыны арттыру, арнайы ай сайынғы ақшалай төлем, қосымша жүктеме үшін қосымша ақы белгілеу, шығарма авторларына қаламақы төлеу, қызметкерлердің тұрғын үй жағдайларын жақсарту және т.б.

Мемлекет пандемия кезінде мемлекеттік мәдениет және спорт ұйымдарын, мәдениет және өнер саласындағы білім беру мекемелерін толық көлемде қаржыландыруды тоқтатпағанын ерекше атап өткім келеді. Әл-ауқатты жақсарту, еңбекақыны жетілдіру, сала қызметкерлерін ынталандыру, сол арқылы біздің азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету жұмыстың негізгі басымдығы екенін айта кету қажет.

Осы міндеттердің барлығы Мемлекет басшысының 2020 жылы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында,«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында, елдің басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында жарияланған.

Қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мақсатында Министрлікте «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі белсенді жұмыс істейді. Өткен жылы бағынысты ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізілді. Вебинар, мекемелерді көшпелі қарап-тексеру ұйымдастырылды, министрлікке бағынысты білім беру ұйымдары базасындағы қабылдауға, емтихандарының жұмысына белсенді түрде қатысты.

Парасаттылық, адалдық құндылықтарын ілгерілету мақсатында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының базасында «Парасат жолы» жобасы іске қосылды.

Халықаралық фестивальдердің лауреаты атанған «Адемокиді оқыту», «От» фильмі, «Берун мен Несун» әлеуметтік ролигі БАҚ пен әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырды.

Заңнамалық базаны жетілдіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіліп жатыр. 2020 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасының 4 Заңы мен бір келісім ратификацияланып, 40 заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілер қабылданды.

Жыл басынан бастап кинематография мәселелері бойынша заң жобасын әзірлеу басталды. Оның шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ұсыныстарын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды.

Министрліктің басым міндетінің қатарында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық және спорттық әлеуетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайды жасау.

Жыл басынан бері балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру тетігін іске асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс жергілікті бюджетті қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатындығын ерекше атап өту керек. Осыған байланысты тапсырманың іске асыруына тиімді мониторинг жүргізілуі қажет.

Халықаралық тәжірибе мен озық практикаларға сүйене отырып, Қазақстан Республикасында мәдениет ұлттық басымдықтар дәрежесіне көтеріліп, өмір сүру сапасын арттыру маңызды факторы ретінде танылуға тиіс. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған міндеттерді шешуге бағытталған «Ел Рухы» атты бұқаралық спортты және туристік саланы дамытуға бағытталған ұлттық жобаны әзірлеуге кірісті»,-деп айтты.

Осыдан кейін сөз алған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәдениет саласына қажет кадр даярлауды жүйелі негізде қолға алуы қажеттігін айтты.

«Мәдениет және спорт министрлігіне әкімдіктермен бірге бұл мәселені шешудің нақты жолдарын пысықтауды тапсырамын. Сонымен қатар мәдениет саласын дамытуда заманауи трендтерді басшылыққа алу маңызды. Бұл туралы Мемлекет басшысы үнемі айтып келеді.

Соның ішінде, бүгін барлық саланы цифрландыру процесі қарқынды жүріп жатыр. Мәдениет, спорт, туризм, архив саласы бұдан тыс қалмау керек. Бұл бағытта артқарылатын жұмыс ауқымды.

Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша кітапханалардың интернетпен қамтылуы 48% ғана. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (23%), Атырау (25%) және Батыс Қазақстан облысында (27%) тіркелген.

Мәдениет және спорт саласын кезең-кезеңімен цифрландырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырамын. Ауылды елді мекендерде мәдениет саласы бойынша 3 мыңнан астам кадр жетіспеушілігі байқалады. Халықтың 42% ауылда тұратынын ескерсек, бұл маңызды мәселе.

Бүгінде театрлардың көркемдік деңгейін көтеріп, репертуарын өзекті тақырыптарымен толықтыруға бағыттарған шаралар кешені әзірлеу қажет. М.Әуезов атындағы «Қазақ ұлттық драма теарты» жанынан былтыр құрылған Республикалық гастрольдік орталықтың жұмысын жүйелі түрде ұйымдастыру маңызды. Облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы әкімдіктеріне өңірлік театрлардың гострольдік орталықпен бірлескен жұмысын жолға қоюды тапсырамын.

Министрлік өңірлік әкімдіктермен бірге еліміздегі барлық театрдың жағдайына, оның ішінде репертуарына, материалдық-техникалық, кадрлық қамтамасыз етілуіне қатысты жан-жақты талдау жүргізіп, Үкіметке енгізуі қажет. Бұл мәселені Үкіметте арнайы кеңесте қарауымыз керек.

Сонымен қатар театрларда еңбек етіп жүрген азаматтарды қолдауды жалғастыру маңызды. Өздеріңізге белгілі былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасымен театр қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға, ал өңірлерде 35%-ға өсті.

Қазіргі таңда Үкіметте театрлардың негізгі персоналына жатпайтын – суретші, гример, реставратор, техникалық қызметкерлердің жалақысын көтеру мәселесі қаралып жатыр.

Отандық кинематографияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру керек. Бюджет қаржысына шығарылған фильмдер сапасы көрерменнің көңілінен шықпай отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен кітап оқу мәдениетін дамыту қолға алынуда. Бұл жұмысқа Мәдениет министрлігі белсенді ат салысу керек. Кітап оқуды дәріптеу бойынша кешенді жоспар әзірлеу кезек күттірмейтін мәселе. Министрлік кітапханалар қызметін қайта қарап, оларды жастарға және балаларға тартымды етуі керек. Кітапханалар уақытты тиімді әрі қызықты өткізетін ортаға айналуға тиіс».

Сонымен қатар балалар әдебиетін дамыту маңызды бағыттың бірі екенін атап өтті.

«Балалар оқитын қазіргі заманғы отандық әдебиетке тапшылық бар екенін айтуымыз керек. Министрлікке бабалар әдебиеті авторлары тобын қалыптастырып, мазмұндық тұрғыдан сапалы кітаптарды дайындауды тапсырамын.

Интернеттің қарқынды дамуын ескеріп электронды кітаптарды шығаруға ерекше көңіл бөлген дұрыс. «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес биыл 1 мамырдан бастап балалар секциялары мен шығармашылық үйірмелері мемлекеттік тапсырыс арқылы қаржыландырылады.

Бұл мәселе Үкіметтің қатаң бақылауында. Бірнеше жиналыс өткізіліп, нақты тапсырмалар берілді. Алайда, тиісті жұмысты ұйымдастыру баяу жүруде.

Спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен методикасын әзірлеуді жеделдету қажет. Бұл жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында осы бағытта тәжірибесі бар мамандарды тарту қажет.

Сондай-ақ спорт инфрақұрылымын қалыптастыру маңызды бағыттың бірі. Құзырлы мекеме ретінде Министрлік әкімдіктердің бұл бағыттағы жұмысын тұрақты түрде қадағалауға тиіс. Қажет болса заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажет. Министрлікке өңірлердегі спорт объектілері құрылысын бақылауды күшейтіп, проблемалық кешендердің құрылысын инспекциялауды тапсырамын.

Осы жылы шілде-тамыз аралығында Токиода Жазғы Олимпиада өтеді. Жапониядағы нәтижелереміз 2016 жылдағы олимпия ойынынан төмен болмауға тиіс»,-деді.