Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді

18 ақпан 15:00-де Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтеді. Министрліктің өткен жылғы жұмысын қорытындылап, осы жылға арналған жоспары жайлы айтылатын жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысады.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, вице-министр Нұрғиса Дәуешов, Сәкен Мұсайбеков, Ғабидолла Әбдірахымов баяндама жасайды.

Алқалы жиынға Министрлікке бағынысты мекемелер  мен   жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысады. Кеңейтілген алқа мәжілісін мына сілтемеге кіріп тамашалай аласыз: https://goo.su/4B46

Іс-шара онлайн форматта өтетін болғандықтан сұрақтарыңызды мына электронды адреске жолдай аласыздар: mcsgovrk@gmail.com

Сұрақтар 16 ақпан күні, сағат 18:00 ге дейін қабылданады.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Баспасөз қызметі 

 

Әсел Серикпаева: 8 707 933 59 17, 74-01-61

mcsgovrk@gmail.com