Шетелдік курорттарда демалуды жоспарлаған азаматтардың назарына

Шетелдік курорттарда демалуды жоспарлаған азаматтардың назарына

Қазақстан Республикасының халықаралық әуе қатынасының қайта басталуы көшпелі туризм саласына оң әсерін тигізді. Қазақстанның туроператорлары туристерді шетелдік танымал курорттарға қайта жөнелтуде. Қазіргі таңда 5 000-ға жуық қазақстандық турист демалыста жүр.

Алайда, әлемде короновирус инфекциясының деңгейі төмендемей отыр. ПТР тестілеу кезінде туристер келген елден ұшып шыққан кезде жұқтырғандары анықталған.

Егер вирус симптомсыз өтетін болса, онда туристі міндетті сақтандыру полисі мәжбүрлі оқшаулау, қажетті емдеу және тиісінше кері билетті сатып алу бойынша шығындарды өтемейтінін атап өту қажет. Бұл ретте туристік агенттіктен жолдаманы сатып ала отырып, аурудың симптомсыз өтуі жағдайында да шығыстарды жабатын қосымша сақтандыруды ресімдеуге болады. Сақтандыру жағдайы басталған кезде туристер ең алдымен тәуліктің кез келген уақытында сертификатта көрсетілген нөмірге қоңырау шалуға тиіс. Әрі қарай, турист өзінің мәліметтерін, орналасқан жерін, көмек түрін және сақтандыру полисінің нөмірін хабарлауы керек.

Осыған байланысты, Туризм индустриясы комитеті шетелдік курорттарда демалуды жоспарлап отырған азаматтардың назарын шартқа қол қоймас бұрын сақтандыру жағдайлары мен ерекшеліктерінің тізбесіне көңіл бөлуді ұсынады.

Сіздердің демалыстарыңыз сәтті өтіп, Қазақстанға аман-есен оралуларыңызды тілейміз!