Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Катарда Қазақстанның туристік қызметінің инвестициялық әлеуетін таныстырды

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков Катарда Қазақстанның туристік қызметінің инвестициялық әлеуетін таныстырды

1-3 ақпан аралығында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары А. Айдаров бастаған қазақстандық делегация Катар мемлекетіне ресми сапармен барды.

Сапар аясында Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту және Қазақстан экономикасы салаларына катарлық инвестицияларды тарту мақсатында «Qatari Diar», «Katara Hospitality» және «Qatar invest» Катар компанияларымен кездесулер өткізді.

Екіжақты кездесу барысында Катар тарапына туристік қызмет саласы бойынша еліміздің инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Катар тарапы бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытып, қазақстандық бизнестің қатысуымен жобаларды іске асыру тетіктерін егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екендіктерін білдірді.