Заңнамалық базаны жетілдіру-министрліктің жаңа бағыты

Заңнамалық базаны жетілдіру-министрліктің жаңа бағыты

2020 жылы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл құжатта «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы», «Мәдениет туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» заңдарға түзетулер енгізілді.

Сонымен қатар Заң жобасы кітапхана ісі, мәдениет ұйымдары, шығармашылық одақтардың, баспа ісі мен концерттік қызмет саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, көрерменді мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық шығарма орындаушылардың фонограмманы пайдаланатыны жайлы міндетті түрде хабардар етуге бағытталған. Аталған заңнаманың маңызды нормасының бірі – ол бұдан былай квазимемлекеттік сектордағы акциялары мемлекетке тиесілі мәдениет ұйымдарын жекешелендіруге жол берілмейді.

Сондай-ақ қазір тағы 2 Заң жобасын қабылдау бойынша жұмыс жүріп жатыр. Оның бірі туризм саласына қатысты болса, екіншісі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесі жөніндегі ЮНЕСКО ұйымы арасында ІІ санатты Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын құру туралы.