Өңір мəдениеті мен спортын дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтар марапатталды

Өңір мəдениеті мен спортын дамытуға ерекше үлес қосқан азаматтар марапатталды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында өңір мəдениетін, спортын дамытуға үлес қосып келе жатқан бірқатар азаматты Министрлік наградасымен марапаттады.

Министрліктің наградасына ие болған азаматтар тізімі:

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі:

- Ақтөбе облысы «Алақай» қуыршақ театрының артисі Ербол Юлайұлы Ермағамбетов;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Құрмет грамотасы:

- Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның классикалық музыка ансамблі артисі - Абдирова Ғазиза Алпысбайқызы;
- Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облысы драма театрының артисі - Магомедова Дарья Аркадьевна;
- Ақтөбе облысы «Алақай» қуыршақ театрының артисі - Салитова Әлия Оразғалиқызы;
- Облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары Сейталина Гүлнара Рамазанқызы;
- Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивисі - Ағниязова Жанна Сәкенқызы;
- Жеке кәсіпкер - Серік Серікбайұлы Жарасов;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымының кандидаты Нұрбол Абдуллаұлы Сәдуақасов;
- Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымының докторы Абат Шамұлы Пангереев;
- Жоғары спорт шеберлігі мектебінің дзюдодан аға жаттықтырушысы Жиембаев Айдар Байназарұлы;
- Олимпиада резервін даярлау орталығының еркін күрестен аға жаттықтырушысы Нұрмаханов Бауыржан Нұрсұлтанұлы;
- «Жастар» облыстық балалар -жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жұмақұл Дүйсенбі Сақыпұлы;
- Теннистен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Юрченко Василий Анатольевич;
- Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы Шумекеева Роза Салыққызы;
- Қысқы спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аймағанбет Тұрғанбай Қожайұлы;

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хаты:

Ақтөбе облысы тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Ертеміров Айбек Сламғалиұлы;

- Ақтөбе облысы планетарийінің есепшісі Жүсіпов Макар Қазбайұлы;
- С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың бөлім меңгерушісі Сеитова Гуля Истлеуовнаға табысталды.