16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өтетін іс-шаралар

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні өтетін іс-шаралар

16 желтоқсан 1991 жылы республиканың тәуелсіздігі және мемлекеттік егемендігі туралы Заң қабылданды. Мәдениет және спорт министрлігі Тәуелсіздік күніне орай онлайн және оффлайн форматта 60-тан астам республикалық іс-шара өткізеді.

Бұл ретте көрермендер түрлі жанрдағы: мәдени, спорт, білім беру, қоғамдық, саяси, онлайн көрме, концерт және театр қойылымы, экскурсия, тарихи-танымдық іс-шара, музыкалы-поэтика кештерді тамашалай алады.

11 желтоқсанда «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана виртуалды кітап көрмесін онлайн форматта өткізеді.

14 желтоқсанда «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы» мемлекеттік музейінде офлайн форматта қатысуға болатын «Ұлы Жібек жолындағы мәдениет пен дін» музей экспозициясының салтанатты ашылуы өтеді. 14 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Алматы-Аренада» мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталады.

15 желтоқсанда алматылық тұрғындар Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтетін «Тәуелсіздік қырандары» концертіне бара алады. Осы күні Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі «Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы» көрмесінің экспозициясы бойынша онлайн экскурсия өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Facebook парақшасынан «Еліміздің бостандығы – Тәуелсіздік» атты онлайн музей сабағын тамашалай аласыз.

16 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында «Қазақконцерттің» әртістері «Тәуелсіздік – тұғырым» концертін ұсынады. Осы күні «Астана балет» театры офлайн форматта «Сұлтан Бейбарыс» қойылымын көрсетеді және «Астана опера» театры мерекеге орай концерт өткізеді.

16 желтоқсанда М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік театры  көрермендерді «Қазақтар» спектакліне шақырады. Ал Sats ComUnity балалар театр студиясының тәрбиеленушілері «Менің Қазақстаным, менің жерім!» атты ерекше құттықтаулар жинағын дайындады.

17 желтоқсанда Мемлекеттік концерт ұйымдарының республикалық концерттік-гастрольдік орталығы «Хабар» телеарнасының эфирінде көрермендерге «Сәлем, Елорда!» жобасын ұсынады.

Мерекелік іс-шаралар 18 желтоқсан күні де жалғасады. Бұл күні Қ.Қожамиярова атындағы ұйғыр музыкалық комедия театрының Youtube арнасынан «Табассум» мерекелік шоу-бағдарламасын тамашалауға болады.

Негізгі іс-шараның бірі «Ұлы дала-Тәуелсіз ел!» мерекелік концерті 16 желтоқсанда республикалық арналардың бірінде онлайн-форматта көрсетіледі.

Барлық өңірдің мәдениет ұйымы да атаулы күнге орай мерекелік іс-шара өткізуге қатысады.

Бұл іс-шараларды мәдениет ұйымдары мен Министрліктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларынан көруге болады.  

Facebook 

Instagram 

Youtube 

Сайт 

Түсірілім мен іс-шараларды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздік пен санитария шаралары сақталды.