Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

Ералы Тоғжанов əнші Қарақат Башанова мен боксшы Данияр Елеусіновті қабылдады

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында екінші орын алған Қарақат Башанованы, əнші орындаған Forever əнінің авторы, композитор Хамит Шанғалиевті жəне орта салмақта IBF Intercontinental алтын белбеуінің иегері Данияр Елеусінов пен боксшының əкесі Марат Елеусіновті қабылдады.

Ералы Тоғжанов пен министр Қарақат Башанова мен Данияр Елеусіновке халқымызды жарқын жеңіспен қуантып, еліміздің атын шығарып жүргені үшін алғыс айтты.

Айта кетейік, Қарақат Башанова XVIII «Балалар Евровизиясы» əн байқауында 152 ұпай жинап, екінші орын алды. Ал Данияр 28 қарашада АҚШ-тың Флорида штатында бокс кешінде намибиялық Джулиус Индигоны 2-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кəсіпқой бокстағы 10-жекпе-жегін өткізген отандасымыз алғашқы чемпиондық белбеуін иеленді.