Ақтоты Райымқұлова Дмитрий Баландинді жеңісімен құттықтады

Ақтоты Райымқұлова Дмитрий Баландинді жеңісімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қазақстандық спортшы Дмитрий Баландинді жүзуден Қазақстан чемпионатындағы жеңісімен құттықтады.

- Құрметті Дмитрий Игоревич!
Мәдениет және спорт министрлігінің атынан және жеке өз атымнан Сізді жүзуден Қазақстан чемпионатындағы жеңісіңізбен және алтын медальмен құттықтағым келеді.

Ақтөбеде өткен жарыста Сіз тағы да кәсіби шеберлігіңіз бен жеңіске деген жігеріңізді таныттыңыз. Ел құрамасының қоржынына тағы бір алтын қосып, жанкүйерлерге және табысқа жету жолыңызда қолдау көрсеткендердің барлығына ерекше көңіл күй сыйладыңыз.

Сізге шын жүректен денсаулық, табыс және алдағы уақыттарда жарқын жеңістер тілеймін!,- делінген құттықтауда.