Нұрғиса Дәуешов «Достастық жұлдызы» жəне «Дебюттер достастығы» мемлекетаралық сыйлығын табыстау кешіне қатысты

Нұрғиса Дәуешов «Достастық жұлдызы» жəне «Дебюттер достастығы» мемлекетаралық сыйлығын табыстау кешіне қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт вице-министрі Нұрғиса Дəуешов Ресей Федерациясы, Мəскеу облысы, Дубна қаласындағы «Мир» мəдениет үйінде аралас форматта өткен «Достастық жұлдызы» жəне «Дебюттер достастығы» мемлекетаралық сыйлығын табыстау кешіне қатысты.

ТМД елдерінің гуманитарлы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі ұйымдастырған іс-шарада РФ-ның халық артисі Сергей Скрипка жетекшілік ететін ТМД-ның жастар симфониялық оркестрі мен ұйымға мүше елдің өнерпаздары өнер көрсетті.

Сонымен қатар салтанатты іс-шараға ТМД елдерінің гуманитарлы ынтымақтастық жөніндегі кеңесінің басқарма төрағасы, Əзірбайжан Республикасының РФ-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Полад Бюльбюль-оглы, кеңес басқармасының теңтөрағасы, Ресей Федерациясы президентінің халықаралық мəдени ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Михаил Швыдкой жəне достастық елдерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан атынан мемлекетаралық «Достастық жұлдызы» сыйлығын театр жəне кино режиссері Талғат Теменов, «Дебюттер достастығы» сыйлығын Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Егемен Қазақстан» газеті «Əдебиет жəне өнер» бөлімінің жетекшісі Ерлан Жүніс иеленді.

Жиында сөз алған Нұрғиса Дəуешов ТМД елдерінің гуманитарлы ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне мемлекеттер арасындағы мəдени байланысты арттыруға атсалысып келе жатқаны үшін алғыс айтты.

-Бүгінде ТМД елдері арасында тығыз мəдени қарым қатынас орнады, деп айта аламыз. Барлық қатысушыны жəне жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймын. Алдағы уақытта қазіргі сындарлы кезеңді еңсеріп, жинаған мол тəжірибемізді мəдениет және өнер саласында əріптестікті нығайтуға жұмсай береміз деп сенемін,-деді вице-министр.