Алматының тау кластерін дамыту мәселелері инвесторлармен талқыланды

Алматының тау кластерін дамыту мәселелері инвесторлармен талқыланды

Бүгін Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың жетекшігімен Алматы тау кластерін дамыту жобалық кеңсесінде Kazakh Tourism АҚ ұлттық компаниясының басшылығы, Ұлттық парк өкілдері жəне инвесторлардың қатысуымен кездесу өтті.

Өткен жылдың аяғында ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің тапсырмасымен Kazakh Tourism компаниясы, Алматы қаласы мен облыс əкімдігінің жанынан Алматыда тау кластерін дамыту бойынша біріккен жобалық кеңсе құрылған еді.

Биыл қарашадан бастап бұл бастаманы мекемеаралық келісімге қосылған Экология, геология табиғи ресурстар министрлігі қолдап, əр табиғи парктен өкіл тағайындады.

«Үкімет басшысы Алматыда тау кластері аумағында туризмді дамытуға ерекше ден қойып отыр. Бұл əлем туристерінің қызығушылығын арттыруға зор мүмкіндік береді. Себебі, өңірде эко, этно тау шыңғы туризмі саласында ұсынатын, көрсететін алуан қызмет түрі жетерлік.

Өткен жылы «Іле-Алатау» ұлттық табиғи паркін дамытуға арналған жол картасына қол қойылды. Нəтижесінде инвестор табылып, Аюсай шатқалында сапар орталығының қүрылысы жүріп жатыр. Дəл осындай жоба «Көлсай көлдері», «Алтын емел» ұлттық табиғи паркі аумағына қызығушылық танытқан инвесторлармен де талқыланды»,-деді министр.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова тез арада халықаралық тəжірибеге назар аударып, меңгерудің, экотуризм бойынша сапар орталығы, эко-қонақ үй, кэмпинг, глэмпинг құрылысына қатысты стандарттар дайындаудың маңызды екенін атап өтті. Тағы мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге келіп-кетушілер есебін жүргізетін əдістеме дайындау керегін айтып, биоалуандықты сақтау, табиғатқа, экологияға зиян кертірмеу қажеттігіне тоқталды.

Басқосу барысында жобалық кеңсенің осы уақытқа дейінгі жұмысы қорытындыланды. Бір жыл ішінде кеңсе Алматы тау кластерін дамыту бойынша бірқатар жобаны жүзеге асырып, келіссөз жұмысын жүргізіп, мониторингпен айналысты. Оның ішінде ұлттық парктерде экотуризмді дамыту, «Ой-Қарағай Лесная сказка» мен «Ақ-бұлақ» жобасы бар.

Кеңсе Швейцарияның стандартын ескере отырып, тау шатқалы жолдарын жүйелеу бойынша əдістеме зерттеліп, тиіс ұсыныстар дайындалып жатыр.

Қазір гид-жол нұсқаушы жəне цифрландыруға басымдық беріліп отыр. Алдағы уақытта «Гид-жол нұсқаушы мəртебесі», «Рейнджер», «Тау туризмі бойынша нұсқаушы», «Альпинизм бойынша нұсқаушы» атты жаңа ұғымдар енгізу, гид-нұсқаушылар реестрін құру жоспарда бар.

Цифрландыру аясында нысандарда бейне бақылау жүйесін, таулы жерде шұғыл шақыру түймесін енгізу қарастырылған. Аталған жұмыс Қазақтелеком, əкімдік жəне Сергек командамен бірге іске асады. Сонымен қоса Kazakh Alpin Club-пен бірлесіп құтқару пункттерін салу жоспарланған.