«Киношок» фестивалінде отандық екі фильм 5 сыйлыққа ие болды

«Киношок» фестивалінде отандық екі фильм 5 сыйлыққа ие болды

17-23 қазан аралығында өткен XXIX «Киношок» ашық фестивалінде отандық екі фильм  «Жаным, ты не поверишь» комедиясы мен «Черный черный человек» драмасы 5 сыйлыққа ие болды.

Осыған орай Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова екі туындының да түсірілім тобын, актерлерін, режиссерлерін құттықтады. Министр қазір қазақ фильмдері елімізде ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерде де жоғары бағана ие болып жатқаны қуанышты жайт екенін атап өтті.

Фестивальдің басты сыйлығы «Золотая лоза» мен «Үздік сценарий» (барлық 6 сценарист), «Баспасөз сыйлығы» - «Жаным, ты не поверишь» комедиясына берілді.

Ал «Үздік ер адам рөлі» (Данияр Алшинов), «Үздік режиссура» (Əділхан Ержанов) сыйлығына «Черный черный человек» драмасы ие болды.

Жалпы конкурсқа 7 мемлекеттен 9 толық метражды фильм қатысты.