Ұлттық музейде суретші Ахмет Ахаттың «Шығыс әлемі» көрмесі ашылды

Ұлттық музейде суретші Ахмет Ахаттың «Шығыс әлемі» көрмесі ашылды

Бүгін Мəдениет жəне спорт министрлігіне бағынысты Ұлттық музейде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі Ахмет Ахаттың 65 жылдық мерейтойына арналған «Шығыс әлемі» көрмесі ашылды.

Көрменің мақсаты – қазіргі суретшілер шығармашылығындағы тарихи сюжеттер мен шығыс колоритінің сабақтастығын көрсету.

Көрменің ашылу салтанатында ҚР Ұлттық музейінің директоры А.Мұхамедиұлы, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты Е.Р. Шаймардан, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Р.А. Абдусаламов сөз сөйлеп, танымал суретші Ахмет Ахаттың отандық бейнелеу өнерін дамытудағы сүбелі үлесін атап өтті.

Көрмеге танымал суретшінің ұлттық тарих пен мәдениетке арналған көркем және графикалық туындылары ұсынылған. Шығыс стилінде салынған бұл туындылар көрермендердің оң бағасына ие. Бір айға созылатын көрмеге қылқалам иесінің 100-ден аса жұмысы қойылды.

Бұған дейін Ахмет Ахаттың жеке көрмелері Мәскеу, Анкара, Генуя, Үрімші қаласында өткен еді.