Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын өзгерту туралы

Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шараларын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 2 қазандағы № 54 қаулысына сәйкес Қазақстанның туроператорларына Қазақстанға шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы хабарлайды.

Осылайша, шетелден Қазақстанға авиарейстермен келетін адамдарға қатысты шектеу шаралары былайша өзгертілді:

  1. Шетелден Қазақстанға авиарейстермен келген барлық адамдар (ҚР үкіметтік делегацияларын; ҚР СІМ шақыруы бойынша келетін шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; ҚР-да аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; ҚР аумағы арқылы транзитпен өтетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда) термометриядан, сауалнамадан өтеді және ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте 3 тәуліктен ерте емес іріктелген ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеуден өткені туралы анықтаманы (бұдан әрі – Анықтама) ұсынады.

ҚР азаматтары емес адамдарға Анықтама болмаған жағдайда кіруге Қазақстанға кіруге жол берілмейді.

  1. Дене қызуы норманың шегінде келген, Анықтаманы ұсынған адамдарға тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі, олар белгіленген жері бойынша сапарын жалғастырады.
  2. Дене қызуы жоғары келген адамдар Анықтаманың болуына қарамастан карантиндік стационарда оқшаулануға жатады.
  3. Анықтама болмаған жағдайда келген ҚР азаматтары ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарға 2 тәулікке оқшаулануға жатады.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға тиісті қолхат ала отырып, COVID-19 ықтимал белгілері туралы түсіндіру жүргізіледі.

COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационардың карантиндік изоляторына жатқызылады.

Қазақстанның туристік компаниялары өз қызметі барысында басшылыққа алуы және күтпеген жағдайларды болдырмау үшін сырттан келетін туристерге қойылатын жоғарыда көрсетілген талаптарды ескеруі қажет.