Меню
Пресс-центр
Страницы
gov@nitec.kz

Анонс. «Бала дауысы»: Әр баланы ести білу

Анонс. «Бала дауысы»: Әр баланы ести білу

Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» Қорының бірегей жобасы Ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының төртінші маусымы  өз бастауын 2019 жылдың 27 наурызында алады. Еліміздегі ең ауқымды балалар ән байқауы осы жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының қоры, Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігінің қолдауымен өтеді.

Байқаудың негізгі мақсаты - музыкалық және шығармашылық дарыны бар балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға және болашақта олардың қабілеттерін дамытуға көмектесу. Байқаудың бірінші маусымынан бастап балабақша мен мектептерге сыйлаған 56 жаңа әндер жазылды; іріктеу кезеңдеріне 20 156 бала қатысып, телевизиялық эфирлерде 12 концерттік шоу, 24 күнделік, 128 бейнероликтер көрсетілді. «Бала дауысының» көптеген түлектері қазіргі таңда «Жандану әлемі» Қорының қолдауымен музыкалық мектептер мен колледждерінде тәлім алуда. Байқаудың іріктеу кезеңдерінің еліміздің барлық өңірлерінде өтуі «Бала дауысының» бірегейлігі болып табылады.

Биыл «Бала дауысы» байқауы жаңа форматта өтеді. 29 наурыз бен 22 мамыр аралығында шығармашылық топ 8 және 12 жас аралығындағы нағыз таланттарды таңдайды. 17 ең үздік балалар дауысы ғана байқаудың Супер финалына жолдама алады. Еліміздің барлық облыс орталықтары мен  Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында бүлдіршіндерді әділ-қазылар құрамына кіретін қазақ эстрадасының әйгілі жұлдыздары, танымал продюсерлер мен хореграфтар күтеді. Іріктеуге келген әрбір бала естелік сыйлықтар мен дипломдарға ие болып, Байқаудың күнделіктері түсіріліміне қатысады. Балалардың ата-аналары мен тәлімгерлері де шетте қалмайды, олардың қалауларымен балдырғандардың шығармашылығын дамыту бойынша мастер-класстар және бала психологиясы мәселелері бойынша консультациялар өткізіледі.

Күз айында еліміздің үздік 17 дауысы «Жұлдызды арман үйінде», Алатау тауларының баурайында орналасқан «Бөбек»  Ұлттық орталығында бас қосады. Күнделікті, кәсіби музыканттар, хореографтар, стилистер балаларды Супер-финалдың телевизиялық түсірілімдеріне  дайындайды.

24-26 қазан аралығында Алматы қаласының «Республика сарайында» өтетін байқаудың супер-финалында Байқау аясында жазылған жаңа әндер шырқалып «Балалық шақтың мейірімді ғаламшары» атты спектакль-мюзиклдің тұсаукесері өтеді. Көрермендер финалистердің қатысуымен өтетін қайталанбас шоудың куәгері бола алады. Байқаудың барлық ақтық кезеңдерін кәсіби қазылар алқасы және онлайн-дауыс беру арқылы телекөрермендер бағалайды.

Барлық финалисттер арнайы сыйлықпен марапатталып, ал, ең үздік деп танылған Бала дауысы еліміздің таңдаулы музыкалық білім ордасында оқуға  Грант және ертегі әлемі Диснейлендке саяхат жолдамасын иеленеді.

Толық ақпарат www.baladauysy.kz сайтында.

Өткізу күні мен қаласы: Алматы қ., 29 наурыз.

Болатын орны:  Оқушылар сарайы

Қатысушыларды тіркеу уақыты: с. 09.00 – 10.00

IV маусым іріктеуінің ашылуы: с. 10.00 – 10.30

Іріктеу: с. 10.40 – 15.30

Қорытынды шығару: с. 16.00

Аккредитация: 8 777 355 76 76, Толганай Хасен

Социальные медиа
Telegram
Instagram
Youtube
Twitter
Facebook
Меню подвал
Smart Bridge
Законодательство
Открытое Правительство
Структура Правительства РК
Сайт Парламента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Сайт Первого Президента РК – Елбасы
Сайт Президента РК
Послания Президента РК
Государственные символы РК