13–15 мамыр аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы алғаш рет парадзюдодан әлем чемпионатын қабылдайды.
Әр төрт жыл сайын өтетін басты додада 40 елден 350-ден астам спортшы жүлдеге таласады. Биылғы жаһандық бәсекеге паралимпиада чемпионы мен әлемдік жұлдыздар арнайы келмек.
Қазақстан құрамасы толықтай мықты спортшылармен жасақталған. Еліміздің намысын Астана қаласының спортшылары — Ақмарал Науатбек, Ерғали Шамей, Асылан Нұрдәулетов және Бауыржан Арыстанбеков қорғайтын болады.
Парадзюдодан әлем чемпионаты 13–15 мамыр аралығында өтеді. Күн сайын сағат 10:00–13:00 аралығында іріктеу белдесулері, ал 15:30–17:00 аралығында финалдық белдесулер өтеді.
Байрақты бәсекенің ашылу салтанаты 13 мамыр күні сағат 15:00-де, Қабанбай батыр даңғылы 43 мекенжайында орналасқан Жекпе-жек сарайында өтпек.
Көрермендер үшін кіру тегін.