Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2025 жылғы 16 мамырда Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы, аудан әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы, Үлкен Нарын ауылдық округінің  әкімдігі, бұқаралық-ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Мәслихат сессиясының отырысы онлайн режимде интернет желісінде трансляцияланды. 

Сессияда Үлкен Нарын ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиумның ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын  шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы, Үлкен Нарын ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы, Үлкен Нарын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық  қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға  және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы, Үлкен Нарын ауданы мәслихатының 2024 жылғы 29 қарашадағы №8/72-VIII «Үлкен Нарын ауданы әкімінің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

 Сессияның күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Зайнулдинов ақпарат берді. Ол    кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиумның ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын  шығыстардың ең төмен мөлшері 41т/м2 көлемінде, Үлкен Нарын ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық  қатты қалдықтары жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға  және көмуге арналған тариф жайлы үйлер үшін айына 1 адам үшін 437,70 тенге, жайлы емес үйлер үшін 448,57 теңге мөлшерінде бекітуге ұсынды.

Үлкен Нарын ауданы әкімінің жанынан құрылған тұрғын үй комиссиясының құрамындағы өзгерістерге байланысты комиссия құрамына өзгерістер енгізілді.  

Күн тәртібіндегі мәселелерді саралап қарап, талқылаудың нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.