
2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұртуған Маратұлы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы, аудан әкімінің төтенше жағдайлар бойынша көмекшісі, ауылдық округ әкімдері қатысты.
Біріккен отырыста Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы, ауылдық округ әкімдері 2024 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп берді.
«Жергілікті мемлекеттік органдардың көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша атқарылған жұмыстары туралы» мәселе сессияның қарауына жіберілді.
2025 жылға арналған Үлкен Нарын ауданы бюджетіне енгізілген өзгерістермен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э. Акимбетова таныстырды.