Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2025 жылғы 15 сәуірде Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.     Комиссия отырысында күн тәртібі бойынша аудан аумағындағы жолдарды ұстаудың жай-күйі, ауыз су, көше жарығы, абаттандыру мақсаттарында бөлінген қаражаттың игерілуі туралы мәселелер қаралды.

Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Д. Курманов пен Үлкен Нарын ауданының тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б. Зайнолдинов 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады.  

Күн тәртібіндегі мәселелер саралап қаралып, талқылаудың нәтижесінде тиісті қаулылар  қабылданды.