
2026 жылғы 28 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезектен тыс жиырма сегізінші сессиясы өтті. Оған мәслихат депутаттарымен бірге аудан әкімінің міндетін атқарушы Маратұлы Нұртуған Үлкен Нарын ауданының экономика және қаржы бөлімініңішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары, Үлкен Нарын ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қатысты.
Сессияда 2026-2028 жылдарға арналған Үлкен Нарын ауданының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Э.Акимбетова 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістермен таныстырды.
Сессия тиісті шешім қабылдады.