2026 жылғы 10 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Комиссия отырысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Солоновка ауылдық округін абаттандыру және оның санитарлық жай-күйін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы округ әкімі баяндама жасады.
Сонымен қатар Үлкен Нарын ауданы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар қаралып, ауыз сумен қамту бағытында жүргізілген жұмыстар мен алдағы міндеттер айқындалды.
Аудан мәслихатының бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Д. Веригин комиссияның есепті кезеңдегі жұмысы бойынша есебін ұсынды.
Талқылау барысында депутаттар елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалықты сақтау, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелеріне назар аударып, жауапты тұлғаларға бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар берді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалып, депутаттардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілді.