
2026 жылғы 10 қыркүйекте Үлкен Нарын ауданы мәслихатының кезекті 27-сессиясы өтті. Сессия жұмысына мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен мекеме өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер енгізілді.
Атап айтқанда, аудан әкімінің өз құзыреті шегінде оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңның Үлкен Нарын ауданында іске асырылу жағдайы қаралды.
Сондай-ақ бюджет, қаржы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі тыңдалып, 2026 жылға арналған аудан бюджетіне енгізілген өзгерістер талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелерге депутаттар Ж. Сыдыкова, Р. Жомартов және Ж. Жанабаев жарыссөзге щығып, қаралып отырған мәселелерге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.
Сессия барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, алдағы жылыту маусымына сапалы дайындық жүргізу, мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарын сақтау және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелеріне назар аударды.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.